Астанада халықаралық деңгейлі тренердің семинарлары өтеді

Астанада халықаралық деңгейлі тренердің семинарлары өтеді

Биылғы жылдың 23-і және 25-26 қыркүйегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы Астанада ТМД-ның белгілі бизнес-тренері Всеволод Зелениннің семинарлар топтамасын өткізеді. 

23 қыркүйекте «Бизнесті жүргізу: спичрайтинг негіздері» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтеді. Семинар аясында В. Зеленин көпшілік алдында сөз сөйлеу үшін мәтін жазу техникасы мен тәсілдері, жұртшылықпен байланыс жасау саласындағы жұмыстың маңыздылығы және де заманауи саяси технологиялар туралы әңгімелейтін болады.      

25-26 қыркүйекте «Ұйымдастырушылық және жеке коучинг» атты өңірлік семинар-тренинг өтеді. Іс-шараның мақсаты – жеке тұлға деңгейінде, сол сияқты тұтас бір ұйым деңгейінде тиімділікті саралау. Семинар барысында тренер тұлғаның немесе бір топ адамның шынайы қызметінің тиімділігін қандай жолдармен арттыруға болатыны жайлы өз тәжірибелік ұсыныстарын айтады.    

Семинарға «Болашақ» бағдарламасының түлектері, журналистер, кәсіби спичрайтерлер мен копирайтерлер, жас мамандар мен кәсіпкерлер, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдар және барлық ынталы азаматтар қатысатын болады.   

Всеволод Зеленин – жүйелік көшбасшылық және жанды жүйелер қарқыны жөніндегі семинарлар мысалында сауатты коммуникацияны қалыптастыру әдістерін іс жүзінде қолданатын танымал тренер. В. Зелениннің АҚШ, Канада, Израиль, сондай-ақ, Азия, Батыс Еуропа мен ТМД елдерінде жасаған тренерлік және консультивтік жұмыс тәжірибесі мол.      

Журналистерді тіркеу 2014 жылғы 22 қыркүйек сағат 19.00-ге дейін өтеді.

Өтетін орны: Астана қ.,

Жәнібек пен Керей Хандар көш., 18

 «Қобыз сарайы» Қонақ үй кешені  

Күні: 23 қыркүйек 2014 ж.

25-26 қыркүйек 2014 ж.

Басталуы сағ. 10:00-де

Қосымша ақпарат:

8 7172 707 669, 8 771 909 32 66

d_tebayev@bolashak.kz Дидар Тебаев

Сурет: iab.kz

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова