Шетелдегі қазақ ақындарына арналған жыр мүшәйрасы өтеді

Шетелдегі қазақ ақындарына арналған жыр мүшәйрасы өтеді

9 қазан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен, Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыр мүшәйрасы өтеді.

Аталған жыр мүшәйрасы шет елдерде тұратын отандастардың қатысуымен өтетін халықаралық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың мақсаты:

 - Көне күндердің өшпес рухын таңбалап, ғасырлар шегінен көктей өтіп, біздің заманымызға жеткен, халқына қадірі арта түсетін ақындық өнерді насихаттау.

 - Шетелдегі қазақ ақындарын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық отаншылдық сезімін ұштап, Атажұртына деген махаббатын арттыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, әсіресе, жас дарындарды анықтау.

 - Ғасырлар бойы бабалар арманымен, ерлік істерімен қол жеткізілген Тәуелсіздігімізді ту етіп жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

 - Еліміздегі дәстүрлі өнерді кеңінен насихаттап, оның қыр-сырын халыққа сазды әуен, нақыл сөз арқылы жырмен жеткізген қазақ халқының төл өнерін, ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастықпен жалғастыру.

Байқаудың талаптары:

Байқау екі өлеңнен тұрады.

* Бірінші өлең - «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (атамекен, ел мен жер, елдік, патриоттық мәселелерді жырлауды өзек етуі қажет) (3-5 минут); - міндетті

* Екінші өлең - Шетелдегі қандастар тағдыры мен көші-қон туралы (3-5 минут) - міндетті.    

* Үшінші өлең – еркін тақырыптағы өлең (3-5 минут) – қажеттілігіне орай.

Байқаудың шарттары:

- Байқауға шет елдердегі отандастарымыз, әр мемлекеттен бірнеше ақынға дейін қатыса алады;

- Байқауға қатысушылар өздерінің байқаудың ережесіне сәйкес өлеңдер оқиды;

- Қазылар алқасы белгіленген Бас жүлдеден басқа орындарды үміткерлерге бөліп беруге құқылы;

- Байқау жабық түрде бағаланады.

Мүшәйра сайысына 35 жасқа дейінгі шетелде тұратын немесе елімізден тыс аймақтарда туып өскен, қазір атажұртқа оралған жас қазақ ақындары қатыса алады.

Жыр сайысын қорытындылап, жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы 3 білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы өлеңнің мазмұнына  және оның көрерменге шеберлікпен жеткізілу барысында:

- Ақынның жеке шығармашылық мүмкіндігін байқатуы, сөздік қорының молдығы;

- Шығарманың тақырыпқа сай болуын;

- Өлеңнің жеткізілуін, сахна мәдениетінің деңгейін көрсетуін басты назарда ұстайды.

Байқауға қатысушылар 2014 жылғы қазан айының 8 күні Астана қаласына келіп, тіркелуі қажет.

Байқаудан жүлделі орындарға ие болған қатысуышылар байқаудың Гала концертіне қатысады.

Әр мемлекеттен 1 қатысушыға жұмсалатын іс-сапар шығыны ұйымдастырушылар жағынан өтеледі.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Бас жүлде - біреу -150 000 (жүз елу мың теңге)

І орын – біреу – 100 000 (жүз мың теңге)

ІІ орын – біреу-  80 000 (сексен мың теңге)

ІІІ орын – біреу – 50 000 (елу мың)

Ынталандыру сыйлығы – біреу- 30 000 (отыз мың).

Өтініштер 2014 жылдың қыркүйек айының 30 жұлдызына дейін қабылданады:

Төлқұжатының көшірмесі;

Шығармашылық өмірбаяны;

10-15 көлемдегі 1 түрлі-түсті фотосурет;

Екі кезеңде орындайтын шығармалардың тізімі.

Мекенжайымыз:

Астана қаласы, Ж.Нәжімеденов 10, кеңсе 1001.

Телефон - факс:  8 (7172) 68-00-81.

Ұялы телефон: +7 701 726 93 94

Эл.пошта:kazfestival@gmail.com

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vk.com

Н. Айдархан