Грант иелерінің тізімі анықталды

Грант иелерінің тізімі анықталды

Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қа­ра­ған республикалық комис­сия өз жұмысын қоры­тын­дылап, грант иелерін анықтады. Бұл туралы Егемен Қазақстан газеті хабарлады.

Кеше ғана Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, мемлекеттік білім грантын ұсыну бойынша өткен комиссия отырысында "мемлекеттік білім беру гранттарына ие болғандардың тізімін ертерек анықтап, БАҚ-қа 10 тамызда жариялауды жоспарлап отырмыз", - деген болатын. 

Вице-министрдің айтуынша, жалпы алғанда биыл республика бойынша 34165 грант бөлінген. Оның ішінде 2530 орын ЖОО-лардың дайындық бөлімдерінде білім алу үшін, 31635 грант 1-курсқа қабылдану үшін, күндізгі бөлімге – 31135 грант, сырттай білім алуға – 500 грант.

Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім беру гранттары иегерлерінің тізімі республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің 9 тамыз, сенбі күнгі нөмірінде жарияланатын болады.

Грант иелері тізімін мына сілтемемен өтіп, жүктей аласыздар.

 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: azh.kz (өңделген)

Н. Айдархан