Mega орталығында акциялық концерт өтеді

Mega орталығында акциялық концерт өтеді

22-ші маусым күні Mega 2 сауда орталық алаңында Hyundai SantaFe көлігі мен Формула 1 жарысына екі жолдама ойнатылады.

Shell Helix сауда белгісі «Көлік майын сатып ал!»  акциясын ұйымдастырған болатын. Осыған сәйкес жексенбі күні Mega Alma-Ata  жазғы алаңында тамаша шоу концерт өтеді.  Сахна төрінде акция жеңімпаздары мен қатысушылар әр түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталып, жұрт көзайымына айналады. Бұл жылы бас жүлде иегерлері үшеу болмақ. Жеңімпаздар арнайы айналмалы қорапша арқылы анықталады. Қатысушыларға ынталандыру сыйлығы ретінде: Iphone 5s, IpadAir, Samsung Galaxy S5, Samsung GalaxyTab секілді бағалы заттар беріледі. Шоу бағдарламасы бойынша, "Орда тобы" және басқа да өнер жұлдыздары ән шырқайды.

Басталуы: 17.00

Мекенжайы: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 247А

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:auto.tsn.ua

Н. Нұрмаханұлы