Болашақта адамның келбеті қандай болады?

11 Маусым 2013, 14:31

Суретші және зерттеуші Николай Ламм генетикалық зерттеулер орталығымен бірлесе отырып, адамның 20 000, 60 000, 100 000 жылдан кейінгі бет келбетін шамалап көруді ойластырыпты.    

Түрлі генетикалық есептеулер және адамның бет әлбетінің бұрыннан бері өзгеруінің қарқынын есепке ала отырып, ол мынандай суреттерді көпшілікке көрсетті.       

Ер мен әйелдің қазіргі түрі    

20 000 жылдан кейін адамның маңдайы кеңее түседі. Әр адам байланысқа қажет арнайы линзалар (Google Glass сияқты) киеді.      

Ер мен әйелдің 20 000 жылдан кейінгі түрі     

60 000 жыл өткеннен кейін адамның бас сүйектері кеңейіп, көз, кабақ пен қастары үлкейе түседі. Бұл көзді жел, күн мен басқа да жағымсыз сәулелерден қорғау үшін қажет болады.     

Ер мен әйелдің 60 000 жылдан кейінгі түрі      

100 000 жылдан кейін адамның түрі қазіргіден ауытқиды деп болжайды мамандар. Көздері өте үлкейіп, терінің түсі күңгірттенеді. Қабақ пен қас одан әрі үлкейеді. Ал адамның жұмыс өнімділігі артуы үшін оның миына жалғанған импланттар болуы әбден мүмкін.       

Ер мен әйелдің 100 000 жылдан кейінгі түрі      

Әрине адамзаттың ғұмыры 100 000 жылға жалғаспауы да мүмкін. Жалпы болашақта адамның түрі эволюция және генді инженерияға байланысты болады.         

Жалпы адамзаттың табиғатындағы өзгерістер бұрыннан бері байқалған, олар әлі де болары анық. Ғалымдар сол саладағы деректерді топтастыра отырып, адам денесінде 1000 жылда қандай өзгеріс болатыны жайлы мынандай нәтижелерге келді.       

  • Азық-түліктердің сапасы, медицинаның дамуы жақсаруына байланысты адамдардың бойы ұзара түседі. Орташа есеппен алғанда адамның бойы 183-213 см болмақ. Жалпы 1960 жылдан бастап адамның орта бойы 2,54 см-ге өсіпті.   
  • Уақыт өте адамның ішектері қысқарып, адамның ағзасы тағамнан май мен сахарозаны қабылдау қасиеті төмендейді. Нәтижесінде адам артық салмақпен қиындықтары болмайды. Тағамдардың жұмсаруына байланысты, адамның тістері ұсақталады деген болжам бар.     
  • Адамның қолдары мен саусақтары байқарлықтай ұзарып, саусақтардағы жүйке талшықтары көбейеді. Бұл көптеген электронды құрылғыларда жұмыспен байланысты болады.        
  • Электронды құрылғылар, техниканың дамуына байланысты көп қызмет адамның көзіне жүктеледі. Осыған байланысты адамның көздері өте үлкейе түседі.      
  • Уақыт өте адамның аузы кішірейеді екен. Осыған байланысты көз - тілдесудің басты құралына айналады.           
  • Ғалымдардың айтуынша, адамның миы қазіргіге қарағанда байқарлықтай кішірейеді. Басты есептеу мен есте сақтау жұмыстарын біз үшін түрлі техника атқарғандықтан, ми бұл функцияларды атқармай, кішірейеді. Алайда бұл адамның ақылына әсер етпейді деседі мамандар.       
  • Келесі мың жылда адамдардың жұмыстары мен өмір тәртібі оның көп отыруына итермелейді. Нәтижесінде адамның  иектері үлкейе түседі екен.           
  • Нәсілдердің араласуы жалғасып, еуропалықтардың тері түсі күңгірттене түседі. Ал кондиционерлер мен желдетуді қолдану нәтижесінде адамдардың мұрын пішіні бірдей бола бастайды.         
  • Күннің белсенділігі артады, сәулелердің әсерінен адамдардың бетіндегі  әжімдері көбейеді. Ал шаш пен түктің өсуі баяулайды.       

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: dailymail.co.uk


3996 10
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікірлер тізімі

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Қамшы

Түс көріппін. Түсімде қамшы көріппін. Бала кезімнен қолға ұстаған қамшыларымның бәрін көрген екем.


Еліктеу - даналыққа жететін оңай жол

Білім беру мен ұрпақ тәрбиесі жайлы ұлылардың айтқандары (суретсөз)


Көк есегім

Иә, иә, «Естімеген елде көп, Есек мінген сартта көп» деген. Негізі есек те біздің жанармайсыз көліктеріміздің...



Тазша баланың блогы немесе мен туралы білгіңіз келсе

Мен — Тазша баламын. «Тазош» десеңіздер де болады. Мен халықтың аузында көптеген ертегілерде жүремін. Мені...


Дос (әңгіме)

Достар бірге жүрмеуші ме еді әрқашан? Серті қайда?




Айдарлар бойынша қызықты


Құрастырушылар Android платформасын құптайды, бірақ iOS көбірек табыс алып келеді

Қай платформаға қосымшаларды жүктеу мәселесі келгенде, әрбір бағдарламашының таңдау мүмкіндігі бар.

Әлішер Каримов «Жаңа толқын-2014» байқауында үштікке іліне алмады

«Жаңа толқын-2014» халықаралық музыкалық байқауының шешуші кезеңінде қазақстандық әнші Әлішер Каримов ақын...

Жұлдыз жорамал: 28.07.2014 - 03.08.2014

Жұлдыздар бұл аптаның тек тоқтылар үшін аса табысты болатындығын айтады.


"Шоқан Уәлиханов керуен жолы" азиялық Римге жетті

«Шоқан Уәлиханов керуен жолы» ғылыми-танымдық іс сапары өте ежелгі қала саналатын Турфанға...

Асхат Еркімбай: "Тегін білімді алмау – өзімізге сын"

Кеше "Шәкірт назарындағы онлайн оқудың артықшылықтары мен кемшіліктері" деген тақырыппен онлайн дәріс...



Соңғы бейнебаян

Henry Lau (Super Junior M) - Fantastic [қазақша субтитрлер]

Шілде айында Super Junior M тобының мүшесі Генри ‘Fantastic’ атты мини-альбомымен қайтып оралды. Мини-альбом 6 әннен тұрады. Альбомды жасау барысында ол EXO-лық Чанельмен, INFINITE тобының мүшесі Хоямен және SMROOKIES-тегі Сыльги-мен бірігіп жұмыс істеді. Басты ‘Fantastic’ әніне бейнебаян да ұсынып үлгерді. Ән ғашық болып, өзгергісі келетін жігіттің сезімін бейнелейді.

Аударған: Сымбат Әділбек

Тайминг, әрлеу: T.Kyuti


2NE1 - Missing you [қазақша субтитрлер]

2013 жылдың қараша айында 2NE1 «Missing You» әні және бейнебаянымен қайта оралды. Топтың продюсері Ян Хён Сок бұл ән оның әйеліне қатты ұнағанын, тіпті көзіне жас...


f(x) - Red Light [қазақша субтитрлермен]

f(x) тобы осы жазда өз жанкүйерлеріне Red Light әнімен қайтып оралды. Жанкүйерлер олардың қайтып оралуын ұзақ күтті. Өйткені көптен бері қыздар жаңа әндерімен қуантпап...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

"Алдаспан" тобы"Құс қайтару" - Қазанғап
"Алдаспан" тобы"Арман"
"Алдаспан" тобы"Ана әлдиі"
"Аңсар" квартеті"Поппури"
"Алдаспан" тобы"Ұлы көш"
"Тұран" тобы"Аңшылық"
"Алдаспан" тобы"Ұлы көш"
"Алдаспан" тобы"Белес" - Халық күйі
"Тұран" тобы"Қайыстың зары"
"Алдаспан" тобы"Замандастар" - М. Хасанов

Жаңалықтар мұрағаты