Оқуды ерте үйренген сәбидің санасы жылдам дамиды

Оқуды ерте үйренген сәбидің санасы жылдам дамиды

Оқу вербалды қабілеттің ғана емес, мәтіннің мағынасын терең түсінуге көмек беретін вербалды емес қабілеттердің де дамуына өз үлесін қосады екен. Ағылшын ғалымдары сәбидің оқи бастауынан есейген кезіне дейінгі интеллектуалды өсуін зерттеу арқылы сараптамалық ақпарат дайындады.

Зерттеуге гендері бірдей болған 2000 егіз бала қатысыпты. Оларды 7, 9, 10, 12 және 16 жас шамаларына қарай бөліп, оқу мен интеллектуалдық қабілеттеріне баға береді. Егер егіздердің оқи білуі екі түрлі дамитын болса, олардың есейген сайын да интеллектуалдық білімінің деңгейлері әр түрлі бола түседі.

Психологтардың пайымдауынша оқу арқылы балалар сөздерді ғана түсініп қоймай, мәтіннің мағынасына да тоқталып толық ұғынуға мүмкіндік беретін вербалды емес қабілеттерді де арттырады екен.

Сондай-ақ, британдық ғалымдар кеш ұйықтайтын балалардың оқу қабілеті де нашар болатынын ескерте айтады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.mya3chat.com

Ж. Өрісбай