Мотивацияның 7 ережесі

Мотивацияның 7 ережесі

1. Алдыңызға нақты мақсат қойып, оған жету үшін аянбай еңбектеніңіз. Ең бірінші кіші мақсаттардан бастаңыз. Бірден қиынынан бастап, оны орындай алмаcаңыз, көңіліңіз қалады. Артынша еңбектенуден бас тартасыз. Басты тақырыпты меңгеру үшін оған қатысы бар қысқа мәтіндерді оқи берген жөн.

2. Бастаған ісіңізді міндетті түрде соңына дейін жеткізіңіз. Жартылай аяқталған іс ешкімді де қызықтыра алмайды. Басталған істі міндетті түрде аяқтауға мәжбүрлейтін әдет қалыптастырыңыз. Бұл – өте маңызды! Кез келген аяқталған іс сіздің ерік-жігеріңізді жаңа деңгейге жетелейді.

3. Дүниетанымы кең адамдармен қарым-қатынаста болыңыз. Сіздің қызығушылқтарыңызға ортақтасатын адамдардың болуы ерік-жігеріңізді биік шыңдарға жетелей түседі. Осылайша 5 мықты адаммен дос болсаңыз, олар сізге жеңуге көмектеседі. Ал жеңілістеріне қарап сабақ аласыз. Және ол адамдар міндетті түрде сіз айналысып жүрген салада мықты маман болуы тиіс.

4. Өзіңізді кітап оқуға үйретіңіз. Ең бастысы өз бетіңізбен білім іздей біліңіз. Қосымша курстарға қатысыңыз. Әрине, мұғалімнің көмегімен алынған білімнің де өз артықшылықтары бар. Ал өз бетіңізбен оқудың арқасында өзіңізге ұстаз боласыз.

5. Табиғи дарыныңыз бен қызығушылықтарыңызды үйлестіре біліңіз. Бір нәрсені білген сайын, ол туралы толық мәлімет алғымыз келеді. Ал білгендерімізді іс жүзінде қолдану арқылы бойымыздағы дарынымызды дамыта аламыз. Көп оқыған сайын сұрақтарыңызға жауап алып, есте сақтау қабілетіңіз жақсара түседі. Бірақ ең алдымен қызығушылықтарыңыз бен бойыңызда жасырынып жатқан дарыныңызды анықтап алыңыз.

6. Объекті жайында мәлімет біліңіз. Өмірде зерттелмеген заттар мен құбылыстар өте көп. Мысалы, сіз тамаша картинаға қарап қызықтыңыз. Енді ол суретті кім салғандығы, салған адамның қызығушылықтары туралы білуге тырысыңыз. Мүмкін ол адамның өмірі дәл туындысы секілді қызық шығар. Артынша міндетті түрде жаңа идеялар туады.

7. Нар тәуекелге барыңыз. Қателіктер мен сәтсіздіктер – нағыз уәждемеге айналады. Олар білім алуға, үйренуге көмектеседі. Өмірде ешкім де сәтсіздікке ұрынбастан табысқа жетпеген. Табысты адамдардың барлығы бір рет болмасын қиын мәселелерге тап болып, оның шешімін табуда қателескен. Сол себепті хан қызынан да қателік кететінін ескеріңіз.

Бастысы барлығы да өзіңіздің қолыңызда екенін жадыңызда ұстаңыз!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: ttolk.ru

Қ. Бүйенбай