Танкеткалар - жаздың хиті

Танкеткалар - жаздың хиті

Биік өкше не платформадан жалықтыңыз ба? Ендеше нағыз жаздық аяқ-киім - танкетканы таңдаңыз. Жеңіл, ыңғайлы бұл аяқ-киім жаз маусымының ең сәнді трендтерінің бірі. Дұрыс таңдалған танкетка классикалық белдемшемен де, жаздық көйлекпен де, шалбар не шортымен де жарасады.

Ақ түс

Ақ түс қашанда жаздың ең сәнді түсі болып қала береді. Жаздың ыстық күндері ақ түсті киімді таңдауға тырыссаңыз, оған жарасатын мынандай танкеткалар таңдаңыз. Ақ, қоңыр, сарғыш қоңыр түсті аяқ-киім сізді сәнді етіп көрсетеді. Ағаштан жасалынғандай, не ерекше сәнделген танкеткалар ақ, ашық түсті киіммен әбден жарасады.

Африка 

Африка тақырыбы осы жазда ерекше танымалдыққа ие. Этникалық стильде орындалған әшекей бұйымдар, сөмкелер, аяқ-киімдер көзтартарлықтай көрінеді. Танкеткасы бисермен не өрілген жіппен әшекейленген аяқ-киім нәзік киімге жарасады.

Сolor block

Сolor block атты тренд осы маусымның хитіне айналған сияқты. Бірнеше түстің ерекше үйлесімі, кереғар түсті суреттер, түрлі түсті жолақтар, осының бәрі танкеткалы аяқ-киімде де орын алған. Жарқын түсті педикюр және жаздық көйлек кейіпіңізді толықтырады.

Сарғыш қоңыр

Сарғыш қоңыр - әмбебап түс. Бұндай түсті танкетка кез келген киімге жарасып кетуі тиіс. Ерекше әшекейлері жоқ, қарапайым танкетка жаз бойы аяғыңыздан түспеуі әбден мүмкін. Көйлекпен, жаздық сарафанмен, шорты, не шолақ шалбармен, белдемшелердің түр-түрімен кие аласыз.

Тығын табанды

Табаны тығыннан жасалынған аяқ-киім ең ыңғайлы болып саналады. Сондықтан ұзақ сапарларға осындай аяқ-киім киіп барғаныңыз дұрыс. 

Эспадрилья 

Эспадрилья аяқ-киімі екінің біріне жараса бермей, кейде аяқта дөрекі көрінеді. Алайда танкеткалы эспадрильялар нәзік көрініп, кез келген көйлек, шорты, тіпті классикалық шалбарлы костюммен де жарасып кетеді. Өрілген табанды аяқ-киім сөзсіз өте сәнді көрінеді. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: woman.ru, emarket.ua

С. А