Қызыл көйлектің ерекшеліктері

Қызыл көйлектің ерекшеліктері

Кішкентай қара көйлек - көп қыз үшін әмбебап әрі ештеңемен ауыстыруға келмейтін киім. Соңғы жылдары қызыл түсті кішкентай көйлекке де мән беріліп жүр. Бұрын қыздар толықтай қызыл түсті киім киіп жүрмейтін, себебі қызыл түс тым қатты көзге түседі.  Қазір ол түсінік өзгерді, сондықтан әрбір сәнге қызығатын қыздың гардеробынан қызыл көйлек табуға болады. Ең бастысы - қызыл түстің өзіңізге жарасатын реңкін табу. 

Реңкті анықтап алсаңыз, үлгі туралы ойлаңыз. Мұндайда қысқартылған көйлек-жейдені немесе тізеден жоғары үлгідегі көйлекті таңдаған дұрыс. Көйлегіңізде көзге қатты басылатын бөлшектердің болмағаны жақсы. 

Кішкентай қызыл көйлектің түске қатысты "саясатын" айтар болсақ, бұл түс өте жарқын түс, сондықтан оны өзіне дос түспен (көк, жасыл) және базалық түстермен (қара, ақ, сарғыш) бірге киюге болады. Тағы бір маңызды нәрсе - қызыл көйлек кигенде әшекейлерді толтырып алып, тәжірибе жасаған дұрыс емес. Аяқ киім мен аксессуар міндетті түрде қызыл түсті болуы шарт емес. Бейтарап түсті аяқ киім таңдау керек, мысалы қара немесе сарғыш түсті аяқ киім қызыл көйлекпен жақсы үйлеседі. Ерін мен көзде бір уақытта жарқын макияж болмау керек. Екеуінің біреуін таңдаңыз. Ерніңізді қызыл түсті далаппен боясаңыз, оның реңкі көйлектің түсіне сәйкес келетіндей болуы керек. 

Қара көйлек тек қана кешкі іс-шараларға киюге арналмаған, ол күндізгі киім ретінде де бағаланады.

Сурет: jlady.ru 

Г. Бакытбекова