Өзіңізге лайық иіссуды қалай таңдауға болады?

Өзіңізге лайық иіссуды қалай таңдауға болады?

Талғамыңызға мінсіз сай келетін иіссу таппай жүрсіз бе? Бұл нәзік жандылардың көпшілік бөлігін мазалайтын мәселе. Жұпар иістің қайталанбас болмыс әсерін беретіндігі және жігіттердің назарын аударатындығы белгілі. Өзіңізге лайық иіссуды қалай табуға болады екен?

1-ереже. Иіссу сатып алуға таңертең барған дұрыс, себебі тәуліктің осы уақытында адамдар иісті жақсы ажыратады. Дүкенге барар алдында ащы және дәмді тамақ жемегеніңіз абзал. Сонымен қатар, металлдан жасалған жүзік, білезік тақпаған жөн.

2-ереже. Иіссуды өзіңізге пайдаланып көріңіз. Білегіңізге бір тамшысын сеуіп, 10 минуттай күте тұрыңыз. Күту арқылы ғана сол иістің сіздің денеңізден қалай шығатынын байқай аласыз. Құтыдағы иіс одан өзгешелеу болуы мүмкін.

3-ереже. 4-5 иіссуды иіскеп көргеннен кейін, иіс сезу қабілетіңіз нашарлай бастайды. Иіс сезу қайтадан қалпына келу үшін кофенің иісі қажет. Сондықтан дүкенге барарда дорбашаға ұнтақталған кофе дәндерін салып алыңыз. 

4-ереже. Ұнаған иіссуды бірден сатып алмаңыз. Сол иіссудың "сынамасын" ғана сатып алып, біраз уақыт сеуіп жүріңіз. Осылайша, иіссудың әр түрлі жағдайлар кезінде тәулік бойы қалай сақталатынын білуге болады. 

5-ереже. Иіссуды дұрыс себе білу керек: өзіңізден 30 см арақашықтыққа сеуіп, сол "хош иісті бұлттың" ішіне кіру керек немесе білекке, құлақ артына және тобыққа себуге болады. Сонымен қатар, шаш та иісті жақсы ұстайды. Ол үшін тараққа иіссу сеуіп, шашты тарау керек. Жұпар иіс киімнен де шығып тұрсын десеңіз, иіссуды киім шкафына сеуіп қойыңыз.

6-ереже. Иіссу таңдауда жыл мезгіліне де мән беруді ұмытпаңыз. Бұл, әсіресе, жаз мезгіліне қатысты. Жаз мезгілінде цитрустық және теңіз иісті иіссуларды пайдаланған жөн. 

7-ереже. Көпшілік жүретін жерлерге серуендеп баратын болсаңыз, қанық иісті иіссу таңдағаныңыз дұрыс. Ондай иіс сізді басқа адамдардан ерекшелендіріп тұрады. Романтикалық кешке баратын болсаңыз, жұпар су мен эфир майының хош иісінен жасалған иіссу себіңіз. 

8-ереже. Далап, иісмай сияқты косметикалық заттарыңыздың иіссіз болғаны дұрыс. Себебі, олар иіссудың өз иісін өзгертеді. 

9-ереже. Иіссуды өзім таңдай алмаймын десеңіз, жаныңызға сүйіктіңізді ертіп алыңыз. Ол сізге лайық иіссуды таңдап бере алады. 

10-ереже. Иіссуды дұрыс сақтау. Оны күн көзінен, жоғары температурадан және ылғалдан сақтаңыз. 

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: perfumsnow.kr

Г. Бакытбекова