Handmade идеялар: табиғи тастардың қасиеті

Handmade идеялар: табиғи тастардың қасиеті

Қолдан әшекей бұйым жасауды бастағыңыз келіп, бірақ қандай бұйымдардан жасау керектігін білмей жүрсеңіз, төмендегі кеңестер – сізге. Бар болғаны қиялыңызды іске қосып, көңіліңіз қалағандай етіп жасасаңыз болғаны. Сондай-ақ, әр тастың өзіндік пайдалы қасиеті бар.

Қызыл маржанды (коралл) мойынға тағып жүрсе, баспа, қызамық ауруларымен ауыру қаупін азайтатын қасиеті бар. Сонымен қатар, астрологияда бұл тас барлық жұлдыз иелеріне де сәйкес келеді, сонымен қатар, ұзақ өмір мен бақыт сыйлайтын құдіреті бар.

Қызыл түсті маржаннан (коралл) жасалған алқа

Сутасы адамға тыныштық пен ұшқыр ойлауға көмектеседі деген сенім бар. Ерте замандарда Рим басшылары тек сутастан жасалған ыдыстармен су ішкен екен. Себебі оның судағы микробтарды жоятын қасиеті бар. 

Түссіз және сарғыш сутастан жасалған сәнді алқа 

Жасалған материалы - говлит тасы және ақ ақық

Егер сіздің жабырқау, өмірден түңіліп, үнемі көңілсіз жүретін досыңыз бар болса, онда говлит тасынан жасалған бұйымдарды сыйға тартыңыз. Себебі бұл тастың эмоционалдық күйзелісті басатын, сенімділікті арттыратын қасиеті бар.

Говлит тасынан жасалған білезіктер

Ақтастан (кальцит) жасалған сырға 

Кальцит іскер адамдар мен ғылым-ағарту саласында жүрген адамдарға пайдалы. Ол айналасындағы адамдармен жақсы тіл табысуына көмектеседі. 

Көк және алқызыл сутастан жасалған алқа

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: ©Назерке Смағұл

Y. Smaghul