Аружан Жазылбекованың стилі

Аружан Жазылбекованың стилі

Көрермендерге «Әсел және оның достары» атты телехикаясымен танылған Аружан Жазылбекова Алматы қаласының тумасы. №105 халықаралық гимназияны тәмамдаған актриса 2004 жылы Ford Models Supermodel of the Kazahstan сайысының жеңімпазы атанады. Бұдан өзге жергілікті Adversing журналының бас редакторы, әрі PR менеджері болып қызмет жасайды. Сәнбике болуда тәжірибесі бар аруымыз әрдайым талғаммен киінеді. 

Аружанның үстіндегі ақшыл көк түсті кеудеше бойжеткенді нәзік әрі жинақы етіп көрсетеді. Жинақы болып көріну үшін пішінімізге сай киім таңдап қана қоймай, өзімізді образымызға сай ұстай білуіміз керек. Мұнымен қатар шаш сәні мен киім түсі рөлінің маңызы зор. 

Аружан күнделікті өмірде қарапайым әрі ыңғайлы киімді таңдайды.

Қара түсті киім кімді болсын визуалды деңгейде арықтатып, дене бөліктерін айқындап тұрады. 

Мұнымен қатар белдемшенің орташа ұзындықта болуы бойымызға нәзіктік сыйлайды. Ал қызыл мен қара түс бір-бірімен әрдайым үйлеседі. Кез келген киімге лайық аксессуар таңдау арқылы оны қымбат немесе арзан етіп көрсете аламыз. 

Қарапайым ақ кеудеше мен джинс шалбар - күнделікті үйде, оқуға барарда киетін образымыз. Ал жасөспірімдер өз кезегінде бұл образды басқа тағатын шеңбермен, түрлі білезікпен толықтыра алады. 

Алғашқы суретте маңдайын жарқыратып, қос бұрымымен таңдай қақтырған қазақ қызының образы берілсе, екінші суретте әрдайым сәнде болатын жолбарыс принтті көйлек киген. 

Орташа ұзындықтағы әйелдер костюмін кию арқылы бойымызды қысқа етіп көрсетуге болады. Ал кез келген киіммен үйлесе бермейтін қызыл далап көптің көзайымына айналуға көмектеседі. 

Жамбас сүйегі үлкен қыздар етегі барынша кең тұратын көйлек таңдағаны абзал. 

Автор: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Аружан Жазылбекованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алтынай Жорабаеваның стилі

Қ. Бүйенбай