Парео байлауды үйренейік

Парео байлауды үйренейік

Парео – су киімін толықтырып тұратын жеңіл матаның кең тілімі. Бұл аксессуарды беліңізге немесе бөксеңізге орау арқылы толық бөксеңізді немесе ішіңізді жасыра аласыз. Бірақ жасыратын ештеңеңіз болмаса да, пареодан бас тартпаңыз: оны су киімімен үйлестіріп, сәнді және әдемі жағажай киімін жасауға болады.

Парео таңдаймыз

Парео пішініңізде әдемі тұрсын десеңіз, оның өлшемін дұрыс таңдаңыз. 90 х 90 см өлшеміндегі орамалдан кішігірім кеудеше немесе топ жасауға болады, 110 х 110 см шаршысынан белдемше немесе жағажай шалбары шығады. Көп қатпарлы комбинезондар немесе көйлектер үшін үлкен өлшемді пареолар керек, мысалы, 110 х 240 немесе 90 х 180 см. 300 см ұзындықтағы үлкен мата тілімінен сари-көйлек жасауға болады.

Парео сатып аларда үлкен өлшемдегісін алыңыз: мұндай аксессуардың мүмкіндіктері көп.

Парео жасалған матаның да маңызы бар. Жақсы нұсқа – жұқа табиғи жібек немесе мақта мата. Мұндай маталар жақсы перделенеді, ауа өтуіне кедергі болмайды, тез кебеді және күнге күймейді. Зығыр немесе вискоза қосындыларынан жасалған үлгілер де жарайды, олар арзан тұрады және киюге де ыңғайлы. Ацетатты жібек және полиэстер бағасы бойынша тиімді, алайда жағажайда бұлармен ыстық болуы мүмкін.

Пареоның түсі сіздің су киіміңіз бен басқа да аксессуарларыңызға байланысты. Шәркей, парео, бас киім мен сөмке бір стильде әдемі комплект болып тұруын қадағалаңыз.

Төмендегі видеода парео байлаудың бірнеше сәнді тәсілдерін көріңіз:

Сурет: florange-chelny.ru

Видео: Blog Diana Said - ENG

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina