Той сәні: қалыңдықтар ұлттық көйлек таңдайды

06 Тамыз 2013, 08:15

Үйлену тойы – адам өмірінде болатын ең маңызды сәттердің бірі. Осы кезде қалыңдық үшін көйлек мінсіз болуы тиіс.

Той көйлегін сатушылар бүгінде салт-дәстүрлеріміз әр тойда қайта жаңғырып, ұлттық киімдер жоғары сұранысқа ие болып жүргендігін айтады. 

Қыз ұзату – қызды әкесінің үйінен болашақ үйге шығарып салу дәстүрі. Қазіргі қыздар тойда ұлттық көйлекті киюді сәнге айналдыруда. Той өнеркәсібі ұзату тойына киетін көйлектердің түр-түрін ұсынады. Қолжетімді бағаға көйлек, сәукеле, камзолды жалға алуға болады. Ұзатуға киілетін көйлек атлас, жібек, орган, тафта секілді қымбат маталардан тігіледі. Түстері жарқын етіп таңдалады. Міндетті түрде жиегіне ою-өрнек салынады. Інжу тастармен нәзік етіп тігіліп, алтын түсті жіптермен безендіріледі. 

Үйлен тойда қалыңдық басына тек ғана сәукеле киюі тиіс. Қыз ұзатудағы ырым-тыйымдардың көбісі сәукелемен байланысты болғандықтан, оның орнын бағалы тастары бар тәж де, шетелден келген жаулық та (фата) алмастыра алмайды. Сәукеле биік болған сайын қалыңдық жарының үйінде бақытты болады деген ырым бар. Ұзату тойда бас киімсіз қалыңдықтар да кездесіп жатады. Бұл сырт көзге жағымсыз көрінеді.

Сәукелені де тігіншілер қалың негізді той көйлегі тігілген матамен қаптап отырып жасайды. Үстінен маржан тастармен көмкеріп безендіреді. Сәукеленің төменгі бөлігін  бұлыңғыр, түлкі, шиншилла терісімен ажарлайды. Жоғарғы бөлігінде үкі орналасады. Ол көз тиюден сақтайды деген ырым бар. Барлығы дайын болған соң жібек матадан жасалған желекпен көмкеріледі. Желекті шет елдің үлгісіндегі фатаның бір түрі деп айтуға болады.

Той көйлегінің тағы бір бөлігі – камзол. Ол да маржан тастармен көмкеріліп, жиегіне ою-өрнек тігіліп, тиындармен безендіріледі.

Той көйлегінің түсі маңызды. Әдетте қызыл немесе көк түстер таңдалады. Егер той  жаз мезгілінде болатын болса, ақ, күлгін түстер пайдаланылады. Қызыл түс – жастық шақ пен белсенділіктің белгісі.

Және ең бастысы күмістен жасалған ұлттық әшекейлер.

Ұлттық нақыштағы той көйлектерді мына сілтемелер бойынша қарай аласыздар:

http://Richton studio

http://www.alexshebanov.net

http://www.svat.kz

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: alexshebanov.net 


6903 3
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікірлер тізімі

  • Айкона Н
    06 Тамыз 2013, 09:46
    ааай менің идеям

  • Нұршат Әлімқызы
    06 Тамыз 2013, 10:22
    Ұзатуда міндетті түрде көйлектің түсі қызғылт түстің реңктері болуға тиіс. Ол ару-қыздың жастық шақпен, балалық, қырмызы дәуренмен енді ғана қоштасып жатқандығын білдіреді. Ал үйлену тойда міндетті түрде ақшыл түстер таңдалады. Бұл Маңғыстаудан басқа аймақтарда ескеріле бермейтінін көріп жүрміз. Той-садақаларда тұрмысқа...
    әрі қарай оқу
    шықпаған қыздар да ақшыл орамалдар тартып жүре береді екен. Негізінде қыз бала басына ақтан басқа түстер тартуы керек. Ал тұрмыстағы келіншектер тек қана ақ тартады, ол енді мәңгілікке қыз дәуреніне қайта орала алмайды. Бұл туралы халық әндерінің көбінде айтылады: "қызыл тастап, ақ салған жер", "қып-қызыл орамалың бозарды ма, сәулем", т.б.

  • Кәусар Мұң
    06 Тамыз 2013, 10:42
    Осы маған сәукеле жараспайтын сияқты)

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Миллиондарды жылатқан фильм

немесе Жетінші камерадағы ғажайып

Автор: Nazerke Smaghul

2 қыркүйек

білім күніне арнаған естелік қой.



Өнер білсең-өлмейсің

Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөз алтын


VSauce және AsapSCIENCE - жаңа мектеп (18+ы бар)

VSauce және AsapSCIENCE жайлы естіп па едіңіздер?




Айдарлар бойынша қызықты


Браузермен жұмыс істеуге арналған пайдалы батырмалар

Қарапайым пернетақтаның көмегімен әрбір орындалатын операцияның еңбегін қысқартып, жұмысын жеңілдететін...

Әлемдік жұлдыз «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді

Астаналық көрермен С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеттік спектаклін жаңа орындауда тамашалайды. 19...

Жұлдыз жорамал: 01.09.2014 - 08.09.2014

Жұлдыздар ойға алғаныңызды алдымыздағы қаңтар айына дейін жүзеге асыру үшін маңызды жұмыстармен айналысып,...


"Ұлытау" экспедициясы күнделігінен #3

Экспедиция мүшесі болған тілшінің күнделігін оқи отырыңыздар.

Шымкентте Бекзат Саттархановқа ескерткіш орнатылды

Ескерткіштің ашылу салтанатына еліміздің даңқты спортшылары, Олимпиада чемпиондары мен зиялы қауым...

22. Adobe Flash - Жарнамалық баннер жасау

Бір түрлі реңнен тағы бір түрлі реңге өтіп тұратын жарнамалық баннерді қалай жасайды?



Соңғы бейнебаян

Super Junior - MAMACITA [қазақша субтитрлер]

Super Junior араға 2 жыл салып, MAMACITA альбомдарымен қайта оралды. Бұл топтың биылғы басты жаңалығы - топ лидері Ли Тык әскерлік борышын өтеп келді. Топ құрамына қайта қосылып, MAMACITA атты әндеріне бейнебаян да түсірді. Топ мүшесі Ынхек альбом туралы: «Біз бұл альбомға барымызды салып дайындалдық, себебі алдыңғы альбомнан кейін ұзақ уақыт өтті. Топтың барлық мүшелері өз үлестерін қосқандықтан, бұрынғыға қарағанда қобалжуымыз да көп»,- дейді. 

Аударма: Сымбат Әділбек

Тайминг: Kytti

Әрлеу: T.Kyuti


Bigbang - Stay [қазақша субтитрлер]

Big Bang тобы 2009 жылы Жапонияда дебют жасағаннан соң, бір жылдан кейін 2010 жылы «Big Show» атты үш күнге созылған концерттерін берді. Концертке 40 000-нан астам...


BTS - DANGER [қазақша субтитрлер]

Тамыз айының басында BTS тобы «Dark & Wild» атты толыққанды альбомдарымен қайта оралды. Осы ән-жинаққа енген әндері арқылы хип-хоп жанрына көшті. Danger - альбомның...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

"Тұран" тобы02 Contemplation by Mukagali - poems by M. Makataev
"Алдаспан" тобы"Көңіл шуағы"
"Алдаспан" тобы"Керуен" - М. Хасанов
"Алдаспан" тобы"Сағыныш" - М. Хасанов
"Алдаспан" тобы"Елге қайт" - сөзі: Роман Бұрқашев, әні: Ш. Омаров
"Алдаспан" тобы"Ой толғау" - М. Хасанов
"Алдаспан" тобы"Ұлы көш"
"Алдаспан" тобы"Көңіл шуағы"
"Алдаспан" тобы"Адай" - Құрманғазы
Қорлан"Өмір күрес"

Жаңалықтар мұрағаты