Үйіңізді ұрылардан сақтандырғыңыз келсе...

Үйіңізді ұрылардан сақтандырғыңыз келсе...

Үйіңізге ұрылардың кіргенін қаламасаңыз, төмендегі бірнеше нұсқаулықты оқыңыз.

1. Темір есік орнатыңыз. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ұры алдыңғы есіктен кіреді екен. Сондықтан кіре берістегі есік темірден, тұтқасы болаттан жасалуы тиіс. Және толық стандартқа сай есік сыртқа қарай ашылады.

2. Құлыпты дұрыс таңдаңыз. Есіктің құлыбы дұрыс болмаса, қарапайым металдың үйіндісі тұр деп есептей беріңіз. Сол себепті алғашқы құлып сувальды типтегі 6 кодты, ал келесі цилиндрлі типтегі құлып кілтінің ішіне майысқан 5 тесігі болады. Мұнымен қатар электромагнитті көзге көрінбейтін құлып орнатуыңызға да болады.

3. Терезелерді қорғаңыз. Төмендегі екі қабатқа жерде тұрып, ал жоғарыдағы екі қабатқа шатырдан кіруге болады. Сондықтан терезеде темір тордың болуын қамтамасыз етіңіз. Немесе жайшылықта сындыруға келмейтін терезелерді пайдаланыңыз. Оны бірнеше сағат бойы сүйменнің көмегімен сындыру керек болады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай