Қазақ баласы ойлап тапқан Smart бесіктің 4 vip нұсқасы сатылымға шықты

Қазақ баласы ойлап тапқан Smart бесіктің 4 vip нұсқасы сатылымға шықты

Қазақта бесікке бөлеу дәстүрі ертеден келе жатыр. Жаңа туған нәресте бесікте жылы әрі таза жатады. Шыбын-шіркей, маса да мазаламайды. Мұнымен қатар аттың жалы, түйенің қомында жүретін халқымыз үшін бесікпен көшіп жүру өте ыңғайлы болған. Бесікке бөленген баланың мінезі де ерекше жайдарлы, сөзге тоқтайтын, сабырлы келеді. Заманына қарай адамы демекші, өнертапқыштардың да еңбегі жаңа заман техникасымен үйлесуде. Естеріңізде болса, Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистранты Серікбол Шәймарданның электронды бесік ойлап тапқандығы туралы ақпаратты БАҚ өкілдері жарыса жазған болатын. Енді міне, сол SmartBesik-тің жаңа 4 vip нұсқасы көпшілікке таныстырылуда.

Алғашында бұл бесікті 18 маусым күні ұлттық арнадағы бағдарламаның бірінде көрсеткен болатын. Енді суреттер арқылы оның ерекше дизайны бар бірнеше түрін бағалауыңызға болады.

Серікбол Шәймардан: "Дәл осындай қазақы нақыштағы ою-өрнектерімен безендірілген бесік жасауды көптен бері ойлап жүрген едім. Осы ойымды жылдам жүзеге асыруыма АҚШ-тағы қандас бауырымыздың тапсырысы себеп болды. Ол сәбиіме барынша жайлы, әрі осындағы шетелдіктерге мынау қазақтың бесігі деп көрсетуге әбден лайық болсыншы деп өтінген еді..." дейді. 

Бесікті өндіретін "Smart besik" ЖШС компаниясы қазақстандық эстрада жұлдыздары орындайтын бесік жырлары жазылған қондырғының бар екенін хабарлайды.  

Мұнымен қатар smart бесік авторы Серікбол Шәймардан өнеркәсіп үлгісіне патент алғандығымен бөлісті.

 

Vip бесіктің 4 түрінің әрқайсысын 50 000-нан 110 000 теңге аралығындағы бағада сатып алу мүмкіндігіңіз бар. SmartBesik өніміне қатысты ұсыныстар мен сұрақтар бойынша байланыс телефоны: +7778 88 88 901 немесе төмендегі мекенжайларға жазсаңыздар болады:

instagram.com/smartbesik

vk.com/smartbesik

facebook.com/smartbesik

 

Автор: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай