Өмірде өз орныңды табу үшін #3

Өмірде өз орныңды табу үшін #3

Басқа адамның пікірін ескеру. Басқа адамдардың сіз туралы не ойлайтынын білу маңызды, себебі олардың пікірі әділ болуы мүмкін. Сырт жақтан бақылаған адам көп нәрсені байқайды. Сондықтан ондай пікірлерге ашуланбай, дұрыс шешім шығару үшін пайдаланыңыз.

Өмірлік серігіңнің намысын ойлау. Мансап баспалдағымен көтеріліп бара жатқанда отбасындағы жетекші рөл ер адамдікі екенін ұмытпау керек. Сондықтан отбасылық өмірде ер адамға бұйрық беріп, шешімді өз бетіңізше қабылдауға болмайды. Отбасылық өмірдегі қиын жағдайларды ер адамға тапсыру керек.  

Өз қиындықтарыңмен тұйықталмау. Қиын жағдайлар кезінде тек өз қиындықтарыңызбен іштей тұйықталмай, көмекке зәру адамдарға көмек көрсетіңіз. Бұдан қиындықтар жоқ боп кетпейді, бірақ біршама азаяды.

Басқа адамдарды сүю және сүйікті болу. Қоршаған ортамен қарым-қатынас сіздің оның дамуына қандай үлес қосқаныңызға байланысты. Жамандықтан жамандық туады, ал жақсылық әрқашан өзіне жақсылықты тартады.

Барлық нәрсе салыстырумен танылатынын ұмытпау. Өмірде болатын әр түрлі қиындықтар басқа маңызды қиындықтармен жақыннан салыстырғанда кішкентай әрі маңызды емес болып көрінеді. Жабырқау сәттерде сізден де нашар жағдайда өмір сүріп, дүниеге сеніммен қарайтын адамдар бар екенін ұмытпау керек.

Теріс тәжірибе оң нәтиже беретінін ұмытпау. Өмірде кездесетін қиындықтар адамның сағын сындыруы мүмкін, бірақ тәжірибелі, ақылдырақ ететіні де өтірік емес. Олар басқа адамдарды түсінуге, бұрынғы қателіктерді қайталамауға мүмкіндік береді.

Таңдаған өмірлік серігіңе шынайы қарау. Отбасын құрмас бұрын, өмірлік серігіңіздің мінезін толық біліп алуыңыз керек. Уақыт өте келе бәрі өзгереді деп ойлайтындар бар, бірақ ол дұрыс емес.

Жүрегіңді тыңдау. Бір уақытта барлық адамға ұнау және өзіңмен-өзің болып қалу мүмкін емес. Қанша адам болса, сонша пікір болады. Сондықтан сізді ұнатпайтын адамдар да табылады. Басқа адам сияқты боламын деп жүріп, көпшіліктің ортасында өзіңіздің жеке қасиеттеріңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: motto.net.ua

 

Г. Бакытбекова