Жігіттерге жылауды біз үйреттік #2

Жігіттерге жылауды біз үйреттік #2

Әжелеріміз бен әйел қауымының мейірімділігін ескеріп, олардан бала жылап отырған кезде «Жылағаныңды доғар, жігіттер жыламайды!» деген сөздерді айтқанын талап етпегеніміз жөн. Егер баланы әкесі тәрбиелесе, оған қолдау көрсеткеніміз абзал. Баласы ешкім айтпаса да, қарап тәрбие алғысы келетіндей әкелеріміз болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Әрине, бала құлап қалып, жылаған болса, мұнда тұрған еш нәрсе жоқ. Бірақ, тым жақсы деп те айтуға келмейді. Нағыз жігіттер өмірдегі ситуацияларға бұлай жауап қайтармайтындықтан, оны жастайынан үйренгені өзіне жақсы.

Тәрбие беруде баланың жасын да ескеру керек. Бір жасқа дейінгі баланың көз жасы шынайы, ал бұдан кейін бала оны өзінің қалағанын істету үшін пайдалануы мүмкін. Бір жері ауырса, жылағаны дұрыс, ал егер қалағанымды алып бер деп жыласа, ырқына көне бермеңіз. Айқайлап жылаған жағдайда да, айтқанына көнбей, барлығын жай сөзбен түсіндіруін талап етіңіз. Ал «Жігіттерге жылауға болмайды» деген тақырып 3 жасқа дейін әсер етпейді.

Айтпақшы, «Қыздар жыласа, не істейміз?» деген ойда шығарсыз. Оларға жылауға бола ма? Қаншалықты? Не себепті? Бұл туралы алдағы материалымызда айтатын боламыз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Сырым Адиевтің жеке парақшасынан

Қ. Бүйенбай