Өмірді өзгертуге септігін тигізетін кеңестер – 2

Өмірді өзгертуге септігін тигізетін кеңестер – 2

Өміріңізді өзгерткіңіз келе ме? Неден бастау керектігін білмейсіз бе? Ендеше, алғашқы қадамын жасадым деп есептеңіз. Ары қарай сізге мына кеңестер көмегін береді:

  • Спортпен шұғылданыңыз. Бұл дегеніміз фитнеске бару ғана емес, йогамен айналысу, тауға шығу, велосипед тебу, даладағы белтемірді пайдаланып шынығу, футбол, жүгіру, жүзу сияқты тәсілдер арқылы денеңізді шынықтыру. Егер сізге 7-8 қабаттан кем көтеріліп-түсу керек болса, лифт жайлы ұмытыңыз. Бұның да нәтижесін бірнеше айт өткен соң байқайсыз.
  • Әдеттегіден тыс істерге көшіңіз. Бұған дейін болып көрмеген жерлерге барыңыз, жұмысқа басқа жолмен жетіңіз. Үйдегі жиһаздың орнын ауыстырып, киім киісіңізді, шаш үлгіңізді өзгертіп көріңіз. Бұндай әрекеттерден кейін өзіңізді басқаша сезінетініңіз сөзсіз.
  • Артық затты тастаңыз. Бір жыл аумағында кимеген, не пайдаланбаған заттарды тастаңыз немесе біреуге беріңіз. Жаңа зат алғанда соған ұқсас ескі заттан арылыңыз.
  • Алғаннан бергеніңіз көп болсын. Білім, тәжірибе және идеялармен бөлісіңіз.
  • Әлемді қабылдауды үйреніңіз. Сынау, мінеу дегенді ұмытыңыз. Тек жақсы нәрселерді ойлап, жақсы көзқараста болуға тырысыңыз. Бұл сіздің өміріңізді өзгерткенін өзіңіз уақыт өте келе байқайсыз.
  • Бұрынғы реніштерді ұмытыңыз. Оның сіздің болашағыңызға еш қатысы жоқ. Одан тек тәжірибе, білім мен жағымды естеліктерді алып жүруіңіз керек.
  • Қорықпаңыз. Өте алмайтын қақпа жоқ, ашылмайтын есік жоқ. «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей бұл өмірге бір рет келіп-кететініңізді еске алып, қиындықтарға төтеп беруге тырысыңыз.
  • Соңғысы, әрі маңыздысы: оқы, оқы және оқы. Өзіңіздің дамуыңызды тоқтатпаңыз.

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: k4city.gov-vyatka.ru

Ф. Абилова