Позитивті ойлаудың 12 пайдасы

Позитивті ойлаудың 12 пайдасы

1. Ойымыз шындыққа айналады

Позитивті ойлап, өзімізге сенудің маңызы зор. Егер бір нәрсені жасауға құштар болсаңыз, оны орындай алатындығыңызға сеніңіз.

2. Өзгелерге өз өміріңізге араласуға мүмкіндік бермеңіз

Адамдар ойы, мақсаты, мүддесі бір жерден шыға бермейді. Сондықтан дұрыс жолда келе жатқаныңызға кәміл сенімді болсаңыз, тек жүрегіңіз бен ақылыңызды тыңдаңыз.

3. Бетперде киіп жсандылық танытудан аулақ болыңыз

Өзіңізге де, айналаңыздағыларға да адал болыңыз. Адамдар мұның жақсы қасиет екенін бетпе-бет келіп айтпаса да, сізді іштей сыйлайтын болады.

4. Жақсылыққа сеніңіз

Әр адамның бойында жағымды, жағымсыз қасиеттер болады. Ал сіз олардың қайсысын байқағыңыз келеді? Олардың тек жақсы қасиеттерін байқап, қошемет білдіретін болсаңыз, көп ұзамай сол мінезін дамыта түсуге тырысады.

5. Қиындықтарға дайын болыңыз

Оптимистік көзқарас өміріңізде барлығы да оңай, тамаша болады дегенді меңземейді. Бар болғаны қиындықтарды қасқайып тұрып қарсы алуға септігін тигізеді.

6. Сәтсіздіктер мен қателіктерді қабылдаңыз

Жер бетінде мінсіз адам жоқ. Өмір атты ұзақ жолда барлығы да тау мен тасқа сүрінеді. Біздің кішкене сәтсіздіктеріміз бен жеңістеріміз алдымызда тұрған қорғанның бір кірпішіндей ғана. Сондықтан табыс сәтсіздіксіз келмейді. Негативтің өзі позитивті болуға бағыттайтын үлкен тәжірибемен тең.

Жалғасы бар...

Ал Сіз өзіңізді оптимистердің қатарына жатқызасыз ба?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Мөлдір Қажыбекованың жеке парақшасынан

Қ. Бүйенбай