Қоңырауға дұрыс жауап беруді үйренейік

Қоңырауға дұрыс жауап беруді үйренейік

Көп адам телефон қоңырауына төмендегідей жауап береді:

- Massaget.kz, Шерхан тыңдап тұр.

Әдетте біреудің жанына барған кезде: «Шерхан келе жатыр» деп айтпайсыз ғой. Қоңырау шалушы адамға сіздің тыңдап тұрғаныңыз белгілі, сондықтан оны айтпасаңыз да болады.

Зерттеулер нәтижесі телефонмен сөйлескен кезде адамдардың тек соңғы сөздерді ғана есінде сақтайтындығын көрсетіп отыр. Сондықтан соңында өз атымызды айтып, оған екпін түсіруді ұмытпағанымыз жөн. Дәл осы тәсілді пайдалансақ, 86% хабарласушы есімімізді жаттап алады.

Ал егер «Шерхан тыңдап тұр» дейтін болсаңыз, сіздің есіміңізді тек 6% адам ғана жаттайтын болады. Бүгіннен бастап төмендегідей жауап беруді үйренейік:

- Massaget.kz, сізді тыңдап тұрған – Шерхан.

Есіміңізді айтар кезде дауысыңызды көтеріп, оған екпін түсіріңіз. Бұл әңгімелесушіңізге оны есте сақтауға көмектеседі. Мұнымен қатар араларыңызда сенім орнайды. (Бірақ жоғарыда тек мысал келтірдік, сондықтан өз есіміңізді айтуды ұмытпаңыз). 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru 

Қ. Бүйенбай