Тест: "Сізде уайым дерті бар ма?"

Тест: "Сізде уайым дерті бар ма?"

Пенсильвания университетіндегі Дэвид Бернс дәрігер уайым ауруына өздігінен диагноз қоюға болатын "Бернстің уайым тізімі" атты жоба жасаған. Бұл тізім арқылы сіздің өзіңізде уайым ауруы бар-жоғын тез арада білуге болады. Өзіңізге сәйкес келетін орынға нөмір қойыңыз, жоқ болса нөл, азырақ болса бір, қалыпты болса екі нөмір, ауыр болса үш нөмір.

1. Қайғы: сіз үнемі қайғыланасыз ба немесе қасірет ішінде қаласыз ба?

2. Үмітсіздену: сіз үнемі болашағыңыздан үмітсізденесіз бе?

3. Өзін қадірлемеу: үнемі өзіңіздің құныңыз жоқтай сезінесіз бе немесе өзіңізді сәтсіздікке ұшыраушы деп ойлайсыз ба?

4. Қор санау: үнемі өзіңізді түкке шамаңыз келмейтіндей немесе басқаларға жетпейтіндей сезінесіз бе?

5. Опыну: әрқандай іске бола өзіңізді опыққа саласыз ба?

6. Екі ұдайлық: шешім қабылдарда үнемі екіұдай боласыз ба?

7. Тағатсыздық: жақыннан бері үнемі ашуланып немесе әлденеге көңіліңіз толмай жүр ме?

8. Тұрмысқа деген қызығуды жоғалту: жұмысыңыз, отбасыңыз немесе достарыңызға қызықпай қалған кездеріңіз болды ма?

9. Пейілін жоғалту: серпіле алмай, жұмысқа пейіл сала алмайсыз?

10. Өзін бейшара сезіну: өзіңізді қартайғандай немесе тартымдылығыңызды жоғалтқандай сезінесіз бе?

11. Тәбет өзгерісі: үнемі тамаққа тәбетіңіз тартпай тұра ма немесе кенеттен еріксіз көп тамақ ішкіңіз келе ме?

12. Ұйқы өзгерісі: сізде ұйқысыздық бар ма немесе күні бойы дел-сал болып, ұйқы басып жүре ме?

13. Жыныстық әуесін жоғалту: жыныстық әуесіңізді жоғалтып алдыңыз ба?

14. Дерттену: үнемі өзіңіздің денсаулығыңызға алаңдайсыз ба?

15. Өз-өзіңізге қол салуды ойлау: тірліктің мәні жоқ деп ойлайсыз ба немесе тірі жүргеннен өлген артық деп қарайсыз ба?

Жауабы:

0-4 нөмір: уайым дерті жоқ;

5-10 нөмір: кейде уайым дерті пайда болады;

11-20 нөмір: жеңіл дәрежеде уайым дерті бар;

21-30 нөмір: орта деңгейде уайым ауруы бар;

31-45 нөмір: ауыр дәрежеде уайым дерті бар, емделуіңіз керек.

Тест: "Мен қандай адаммын?"

Тест: "Сіздің мінезіңіз қандай?"

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: vk.com

M. Auelkhan