Қыздардың туған күні мінезіне әсер етеді

Қыздардың туған күні мінезіне әсер етеді

Әлемнің тылсым сырларын ашуды мақсат тұтқан ғалымдар қыздардың туған күні мінезіне әсер етеді деген пікір айтады. Бұл жәй айтыла салған сөз емес, психологиялық, анатомиялық ерекшеліктерді зерттеудің нәтижесінде қол жеткізген пікір. Олай болса, оны өздеріңіз тексеріп көріңіздер.

Дүйсенбі күні дүние есігін ашқан бойжеткен жанындағы адамның әдеті мен мінезіне бірден үйреніп алады. Кез келген пікірмен келісуге дайын. Бар махаббатын туған-туысқандарына, сүйген жарына тарту етеді. Тәкаппарлық атаулыны білмейді. Өте нәзік, арманшыл келеді.

Сейсенбі күні дүниеге келген арулар тәуелсіз, ақылды әрі қалжыңдасуды ұнатады. Отты сезім мен асқан мейірімнің иесі десек те болады. Сүйіктісі екеуі бірге өткізген көңілді кештерді бағалайды. Мұңайып жүретін жандардан қашық жүруді жөн көреді.

Сәрсенбі күні туылған қыздар өте ұстамды әрі ұяң. Сырт көзге өте сабырлы болып көрінгенмен, іштей өте сезімтал, жойқын жанартаудай мінезі бар жан. Бір көргеннен ғашық болса да, өзін сүймеген жанның артынан жүгірмейді. Болашақ жарының шыншыл  әрі қамқор болғанын қалайды.

Ал бейсенбі күні дүниеге келген қыздар таңғажайып оқиғаға тап болуды жақсы көреді. Өмірден бәрін алып, өзіне берілген мүмкіндікті түгелдей пайдаланады. Бұл қыздарға жігіт қауымы жиі ғашық болады.

Жұма күні дүниеге келген қыздар нәзік, сезімтал, арманшыл келеді. Жанында қиын сәтте демеу болып, өзгеге еш ренжіткізбейтін жігітінің жүргенін қалайды. Отбасын бірінші орынға қояды.

Сенбі күні дүниеге келушілердің өмірі жұмбақ сырға толы. Және ерекше эмоциясын да көрсетпейді. Өз сезімін көрсетуге қиналса да, тәуелсіз, бірегей, сүйкімді келеді. Сондықтан да оған жүрегі иман мен мейірімге толы жігіт қажет.

Жексенбі күні дүние есігін ашқандар ұшқалақ, сезімін еш жасырмайтын тәуелсіз қыздар. Олармен келіссөз жүргізу қиын. Бұл қыздарға басқаруына көнетін жігіт керек.

Ал сіз аптаның қай күнінде дүниеге келдіңіз?

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: Назерке Дулат пен Назерке Матқасымның жеке мұрағатынан 

Қ. Бүйенбай