Қызбен кездесуде өзімді қалай ұстаймын?

Қызбен кездесуде өзімді қалай ұстаймын?

Қызбен бір рет кездескен соң, бір-бірлеріңізге хабарласпай, ұмытып кеткен кездер болды ма? Неліктен бұлай болғанын ойланып көрдің бе? Ал кейде қызбен кездесуде өзіңді қалай ұстау керектігің жөнінде ештеңе де білмейтініңді мойындаған шығарсың.

Бұл мақалада қызбен қалай сөйлесу керектігі жөнінде әңгімелеп бермекпіз. Әсіресе қарым-қатынасы ұзаққа созылмайтын жігіттерге біздің кеңестеріміз пайдалы болады деген сенімдеміз.

Сонымен, көп сөзді созбай, нақты кеңестерге көшейік.

Кінәламау, сынамау. Мәселен қыз баласы техниканы түсінбеуі мүмкін. Оның білмейтінін айтып, бетіне басудың орнына көмек қолыңды созып, нағыз жігіттік қасиетіңді көрсетуге болады. «Дымды да білмейді екенсің» деген сөз оның көңіліне тиіп, ренжіп қалады. Осы сөзден кейін қыз саған тіптен назар аудармайтын болады, бұдан былай ештеңе де сұрамауға бекінеді. Біз қыз баланы сынап жақсы қарым-қатынас құра алмаймыз. Қыз бұл сұрақты арқасүйері бар болғандықтан, қорғаны көргендіктен қояды. Мұндайда жүйке жұқартудың қажеті жоқ.

Қыз баладан мақтауды аяма. Оны мақтауға болатын себептерді мүлт жібермеуге тырыс. Егер шын көңілмен мақтау айтсаң, бұл сөзіңді Ол көпке дейін ұмытпай жүретін болады. Бұл әдіс қызбен өзіңді қалай ұстаймын деген сұрағыңа толыққанды жауап екенін ұмытпа.

Көңілін көтер. Қыздар әзілқой жігіттерді ұнатады. Егер оның қандай да бір қиындықтары болып, көңілсіз болса барынша көмек қолыңды соз. Енді кездесуге байланысты айтсақ, бірінші және екінші әдістерді бірінші кездесуден бастап қолданбау керек. Себебі бірінші рет кездесіп отырған қыздың саған деген ешқандай сезімі оянған жоқ. Ол мұны жасандылық деп ұғып, қате түсінуі мүмкін. Бұл көп жігіттің қателігі. Сондықтан кездесуге келгенде оның әдемілігін айтып, әрбір сөзін іліп әкетіп отырмағаның абзал.

Ал, енді негізгі аспектілерді біліп алған соң, кездесу сценарийіне өтейік. Сонымен, кездесетін қыздың телефон номерін алдың делік. Оған телефон соғып, кездесуге шақырдың. Бұл бірінші жетістік! Бірақ бұл жетістік бірінші қадам ғана. Ал барлығы да сенің Қызбен қалай кездесетініңде. Ондағы сенің тәртібің, сөйлеуің, киімің сияқты көптеген факторлар өте маңызды рөл ойнайды.

Бірінші кезең. Ертеден бастап, жігіт атына сай азаматтар бірінші кездесуде қызға гүл сыйлайды. Егер бұл әдіс тым жалықтырады десең, өз қолыңмен жасалған сыйлық жаса. Бірақ оны кездесу кешінен кейін бірақ ашуын талап етіңіз. Ал егер сыйлықты көп көрсең, гүл сыйла. Сый – әрқашан да таңғалдыру керек. Сондықтан гүлді оған күтпеген жағдайда беруге тырыс.

Екінші кезең. Қызды қайда шақыратыңынды ойлап ал. Есіңде болсын, кездесу орны шулы болмауы керек, себебі қыздың не айтып жатқанын естіп отыруың керек. Мәселен, саябақ, мұражай, көрме, бақ, хайуанаттар бағы сияқты шулы емес жерлер қолайлы. Ал егер қалтаң қалыңдау болса, мейрамханаға шақырғаның жөн. Ал концерт, дискотека, базар сияқты шулы жерлер ең қолайсыз орын екенін жадыға сақта.

Үшінші кезең. Өз құнын білетін қыз әрқашан да 5-10 минутқа кешігіп келеді. Егер көп күтіп қалмасаң бұл туралы айтып, бетіне басудан аулақ бол. Ал егер 15 минуттан артық кешіксе, дөрекілікке бармай, әзілмен-ақ ұқтыруға болады.

Төртінші кезең. Не туралы әңгімелесем? Қандай тақырып болса да, аса қызығушылықпен көңіл бөле отырып сөйлесең, бәрі де жақсы болады. Бастысы, әңгіме айтып отырғанда оның реакциясын байқа. Егер оған бұл тақырып қызық болмаса тақырыпты шолт кеспей, бірте-бірте өзгертуге тырыс. Қызбен әңгімелесу барысында спорт, саясат, техника және жеке бас проблемаларын қозғауға болмайды. Әр сөзіңде сенімділік, достастық, жылы ниет байқалсын. Қысқаша айтқанда, ол сені бұрыннан танитындай болуы керек. Сенің ісің мен өміріңе қызығушылығын ояту керек.  

Бесінші кезең. Кездесу соңы. Қыз бала жақын қарым-қатынасқа ғана аса көңіл бөледі. Сондықтан да оған жақын адам болуға тырысу керек. Мәселен, қыз қайтуы керек болғанда оның бетінен сүйіп, қол алыс. Оны шығарып саласың ба, жоқ па – жағдайға байланысты. Оны таксиге салып жіберуге тырыс, ал бірнеше уақыт өткен соң міндетті түрде қалай жеткенін сұрастырып біл. Бір ескерту: қыз балаға міндетті түрде бүгінгі кездесудің ұнағанын айт.

Сәттілік!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: soblaznil.at.ua

А. Құлтай