Махаббаттың түрлері

Махаббаттың түрлері

1. Махаббат дертпен тең. Америка психологы Дороти Теннев өзінің «Махаббат пен ғашықтық» деп аталатын кітабында құдіретті сезімге биологиялық заңды құбылыс деп баға береді. Ол адамдар саны көбейіп, ұрпақты бірігіп тәрбиелеу үшін қажет дейді. Мұнымен қатар, оны төмендегідей белгілері бар аурумен теңестіреді.

1) Ұнаған адам туралы түрлі ойлардың болуы;

2) Өзгенің сезіміне жауап қайтаруға құштарлық;

3) Бір-бірінің көңілін тапқан кезде масаттану;

4) Сүйіктісі үшін шешілуі тиіс мәселелерден бас тарту;

5) Сүйіктісінің жанында болуға тырысу.

2. Махаббат химия секілді. Ғалымдар романтикаға толы сезімнің болуына қандай биохимиялық құбылыстардың әсер ететіндігін табуға тырысқан. Мысалы, бір қыз көп жігіттен сұқбат алып, артынша олардың барлығына да телефон нөмірін берген. Нәтижесінде, жігіттердің өзеннен өтіп бара жатқан кезде хабарласқандығы анықталған. Яғни, романтикаға физикалық халдің әсері бар. Ғалымдар ағзадағы кей гормондар мен заттарды махаббатпен байланыстырады.

1) Фенилэтиламин – мида өте аз мөлшерде бөлінетін әрі ессіз махаббатқа жауап беретін зат.

2) Окситоцин – мида бөлініп шығатын, адамның жыныс мүшелеріне жауап беретін гормон. Мұнымен қатар, ана сүтінің бөлініп шығуына жауапты.

3. Енді бір топ ғалым махаббатты үшбұрыш тәріздес дейді. Бұл бастаманы психолог Зик Рубин көтерген болатын. Ол махаббат бауыр басу, қамқорлық таныту, қарым-қатынас секілді үш қасиеттен тұратындығын айтады.

1. Бауыр басу – біреудің қамқор әрі тілектес болуын қалау. Мысалы, бауыр басып қалған адамына шағым айтуға дайын тұрады.

2. Қамқорлық – өзінің мүддесінен қамқорлығына алған адамның мүддесін жоғары қою. Қамқорлық сезімі біздерді өзгелерге алаңдауға, оған көмектесуге мәжбүрлейді.

3. Бір-біріне ынтық адамдар тәуліктің 24 сағатында бірге болғысы келеді. Осылайша эмоцияларымен бөлісіп, бір-бірінің сеніміне кіреді.

4. Махаббат бояу тақтайшасы секілді. Психолог Джон Алан Ли өзінің «Махаббат түстері» деп аталатын кітабында махаббаттың түрлерін қарастырады. Ол махаббаттың үш түсі мен үш стилі бар дейді. Және әрқайсысына әдемі грек атауларын береді: Эрос, Лудос және Сторге.

1) Эрос – мінсіз адамға арналған махаббат;

2) Лудос – махаббатты ойынмен теңестіру;

3) Сторге – махаббат достық сияқты.

Лидің айтуынша, осы үш түсті араластыра отырып өзімізге керегін аламыз. Нәтижесінде махаббатың 9 түрі пайда болады.

5. Махаббат достық секілді. Махаббат психологиясын зерттеп жүрген классиктердің бірі Элейн Хатфильд әріптестерімен біріге отырып махаббаттың екі түрін көрсеткен. Олар: жанашырлықтан туған және құштарлықтан пайда болған түрлері.

1) Құштарлықтан туған махаббат басқаруға көнбейтін эмоциялармен байланысты. Мұның барлығының бастауы біздің тәрбиемізде жатыр. «Ұнату» сигналы миға келген соң адам ғашық болады.

2) Құштарлықтан туған махаббат жанашырлыққа ұласады. Махаббаттың бұл түрі екі адамның ортақ құндылықтарының болуымен байланысты. Ғалымдар оны «достық-махаббат» деп атайды.

Ал сіз махабатты қалай бөлген дұрыс деп ойлайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com желісінен 

Қ. Бүйенбай