Тұздың қосымша қырлары

Тұздың қосымша қырлары

1. Тұз құрғақ болу үшін астына күріш дәндерін салып қойса жеткілікті.

2. Сүтті қайнату барысында бір шымшым тұз қоссаңыз, дәмі айтарлықтай жақсарады.

3. Мұнымен қатар бір шымшым тұз сүттің ашып кетпеуіне септігін тигізеді.

4. Егер балық пен пияздың иісі жұғып қалған ыдысты ыстық тұзбен сүртіп, артынша жылы сумен шәйіп жіберсеңіз, жағымсыз иіс жоғалады.

5. Шынының түбіндегі шәйдің немесе кофенің қалдығын тұздан жасалған ерітіндімен кетіре аласыз.

6. Егер қазандағы тамағыңыз күйіп, оның түбі былғанып қалса, тұзды көп мөлшерде суға ерітіп ішіне құйыңыз. Дәл осылай бір түнге қойып, ертесі ішіндегі суын қайнатыңыз. Осылайша күйік іздері жылдам кетеді.

7. Қыс мезігілінде далаға жайған кіріңіз қатып қалмас үшін шайқайтын суға аз тұз қосыңыз.

8. Тұз сауытты аузы жабық нан салғыштың ішіне салып қойсаңыз, наныңыз көгермейді.

9. Егер былғанып қалған үтікті тұзға батыратын болсаңыз, ол жалтырап шыға келеді.

10. Ірімшік қатып қалмас үшін оны тұз сумен жуылған шүберекке орап қойыңыз. 

Жалғасы бар...

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: live.ru

Қ. Бүйенбай