Фаст-фудтың жаңа тренді: қара бургер

Фаст-фудтың жаңа тренді: қара бургер

Күншығыс елінің аспаздық өнері кез келген адамның талғамын таба алатындай ерекшеліктерге ие. Ал жапондық Burger King аспаздары арнайы субмәдени тағам түрін әзірлеген.

«Kuro Diamond» және «Kuro Pearl» бургерлері өзінің ерекше көрінісіне қара нан, қара сыр мен соустың арқасында жетіп отыр. Аталған бургердің жасалуына Жапонияда кең тараған субмәдиеттердің бірі "готтар" түрткі болған екен.

Алғаш рет "kuro", яғни "қара" атауына ие бургер жапондық фаст-фуд тағамдарында 2012 жылы шыққан болатын. Ол кезде бургердің наны ғана қара түсті болыпты. Ал жаңартылған мына бургерлерде сыр мен соус та қап-қара екен. Нан мен сыр бамбуктің дымдалған ортасында пісірілетіндіктен қара болып шығады. Ал соусты қара теңіз құртынан жасайды. Бургердің негізін құрайтын котлетте бояғыштар қосылмайды. Фарштың құрамына қара бұрышты көбірек салатын болады.

Аталғандай бургер екі түрлі нұсқада болады. Burger King аталған жаңа тағамына Coke Zero сусынын бірге ұсынатынын да хабарлады. Қара бургер 19 қыркүйектен сатылымға шығатын болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: maxpark.com

Ж. Өрісбай