Массагеттен мәзір: жылдам дайындалатын кекс

Массагеттен мәзір: жылдам дайындалатын кекс

Жаз кезінде ыстық шәймен немесе қою кофемен таңғы ас ішкіміз келеді. Кейбіріміз "бестің шәйін" аңсаймыз. Өз басым "бескі шәйді" дәмді печеньемен немесе бәлішпен ішкім келіп тұрады. Кеше ойланып отырып, дәл осындай жағдай үшін кекс пісіріп көрмек болдым. Басты себеп – құрамындағы компоненттердің аз болуы, яғни, қолжетімді азық-түліктен жасалуы және жылдам дайындалатындығы болды. Құрбымның кеңесімен осындай кексті жасап шықтым. Тым қарапайым көрінгенімен, дәмі өте ұнады. 

  Құрамы:
3 жұмыртқа
1 кесе қант
3 кесе ұн
250 гр май
ванилин
қамыр қопсытқыш

 

  Майды шұңғыл ыдысқа салып, әбден ерігенше отқа қоямыз.

 

  3 жұмыртқаны да шұңғыл ыдысқа жарып, қантты қосамыз да, жақсылап араластырамыз. 

 

  Оның үстіне еріген майды құямыз, тағы да араластырамыз.

 

  Ұнды біртіндеп салып, араластырып тұрамыз. Айраннан әлдеқайда қою болғанша ұнды сала беріңіз. 

 

  Дайын болған қамырды арнайы кекс формасына саламыз.

 

  Пешке салып, 10-15 минутқа қалдырасыз. Қатты күйіп кетпеуін қадағалаңыз.

Кекс дайын! Асыңыз дәмді болсын!

 

Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева