Бәліш пен пиццаға арналған қамыр

Бәліш пен пиццаға арналған қамыр

Бауырсақ, нанға арналған қамыр басқа да, бәліш, пицца сияқты дәмді нандарға арналған қамырды өзгеше құраммен илеген абзал. Бұл қамырға да ашытқы қосылғанымен, ұзақ уақыт көтерілуін күтудің қажеті жоқ. Қамыр бұл құраммен тез иленеді, ал дайын күйінде өте жұмсақ, борпылдақ, дәмді болады.

Құрамы:
- 1 стақан сүт;
- 1 үлкен қасық қант;
- 1 шай қасық (толтырмай) тез ерігіш ашытқы (7-10 гр.);
- 3 немесе ¼ стақан ұн;
- 200 гр. сұйық май;
- бір салым тұз.

Бір стақан жылы сүтте қант пен ашытқыны ерітеміз. 15 минут ашытуға қойып қоямыз.

Ұнды тегенеге елеп, бір салым тұз саламыз.

Бөлме температурасындағы сұйық майды ұнға қосып, қолмен кішкентай бөлшектерге ұнтақтаймыз.

Ұнға ашытқыны құйып, нан илейміз.

Басында біраз сұйықтау көрінетін болады, бірақ бірнеше секундтан кейін жұмсақ, иілгіш қамыр бола бастайды болады.

Қамырды целлофанға салып, орап, жарты сағатқа тоңазытқышқа саламыз.

Жарты сағаттан соң формаға келтіріп, илейміз.

Бұл қамырды тәтті және орташа тәтті бәліштерге, пиццаларға пайдалануға болады. Қалыңдығы 2-3 сантиметр етіп жайып, бетіне қызанақ, шұжықтарды салып, тез арада пицца әзірлеуге де өте қолайлы.

Сурет: www.kachestvo.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina