Сымбат. Бес минутта макияж жасаңыз.

09 Ақпан 2012, 16:00

Қыздар, таңертең университетке жиналып, тезірек бояну керек болса, мына бейнебаянға назар аударыңыздар. Сіздер үшін күнделікті өмірге сай, табиғи, көзге түспейтін, бірақ әдемілігіңізді еселендіре түсетін мэйкапты қарастыруға тырыстық.

Ең әуелі көзіңіздің астындағы қарайғанды білдіртпеу үшін корректор жағамыз. Сонымен қатар, мұрын аумағындағы қара мен қызыл дақтарды жасыруға арналған реңк беруші кремді пайдаланамыз.

Бейнебаянда беттегі макияжды толықтыру үшін пудра қолданбаған екен, ал егер сізге қажет болса үстінен пудра жағып алсаңыз да болады.

Енді, қасыңызға аса мән беріңіз. Өйткені қас беттің ажарын ашады. Оны арнайы қас бояуымен бояймыз.

Көздеріңіз жарқырап тұрсын десеңіз, қабақ бояуының астына жағылатын арнайы сұйықтықты пайдаланыңыз.

Қабақтың үстіне ашық түсті бояу жағамыз. Содан соң, қоңырқай түстес бояумен қабақтың жанынан бояп, қарайтамыз.

Кірпіктің дәл үстінен сүрмемен, немесе арнайы қарындашпен мұқият сызып шығамыз.

Кірпіктерімізді бояймыз және бетке реңк беретін еңлік жағамыз.

Ерінімізді аса көзге түспейтін, солғын қызыл далаппен бояп, макияжды толықтырамыз.

Міне, макияж дайын. Қыздар, әрдайым сұлу да, тартымды болып жүріңіздер. Ең бірінші сыртқы сұлулық, кейін ғана жан сұлулығы көзге түсетінін ұмытпаңыздар.

Сурет: http://juztoday.com


17254 20
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікірлер тізімі

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Сіз...

Сізді мен ұнатқан ақымақ!


Үй жағдайында бет терісін қара дақтар мен безеуден тазартқан дұрыс па?

Бет терісін үй жағдайында тазартып,салоннан асып түсер нәтижеге жетуге болады ма?


Адамның сырт-келбеті оның жан дүниесі жайлы айта алады ма???

Адамның сыртқы келбеті алдамшы болады;адамның мүсіні мінез-құлқымен тығыз байланысты т.б. сөздер бар.Бірақ...



Жігіт пәктігі мүмкін бе?

Жігіт пәктігі мүмкін бе?

Автор: Ultzhan Muslim



Айдарлар бойынша қызықты


Әлемдегі ең жұқа планшет таныстырылды

Америкалық дербес компьютерлердің өндірушісі Dell әлемдегі ең жұқа планшетті ұсынды.

Ани Лорак Алматыны Астанамен шатастырды

Алматыда өткен ЕМА-2014 марапаттау салтанатына арналған концертте ән шырқаған Ани Лорак Алматыны Астанамен...

Күзгі сән: Violeta by Mango ұсынған киімдер

Violeta by Mango желісінің иеcі Виолета Андик әйелге тән образдың қандай болатындығын және оны қандай...


Иранда қозғалатын үй жасалды

Иранда Next Office архитектуралық студиясы құрылымы ерекше үй жасап шығарды.

"HBO" телеарнасы Геннадий Головкиннің үздік сәттерін ұсынды

Әйгілі «HBO» телеарнасы орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарынның әлем чемпионы отандасымыз Геннадий...

Microsoft Word-қа қалай оңай жолмен таңба қоюға болады?

Мұндай жағдайда пернетақтаның оң жағында орналасқан NumLock мүмкіндіктерін пайдалана аласыз.



Соңғы бейнебаян

IKON - Wait For Me [қазақша субтитрлер]

Mix & Match - YG Entertainment-тің WIN: Who Is Next? шоуынан кейінгі бағдарламасы. Осы бағдарламада жеңіп шыққандар IKON деген атпен дебют жасайды. Шоуға WIN: Who Is Next?-ке қатысып, жеңіліп қалған Team B мен жаңадан қосылған үш бала қатысуда. Агенттіктің директоры Ян Хен Сок осы шоудан кейін Team B-дегі B.I, Bobby және Jin Hwan міндетті түрде дебют жасайтынын айтты, ал топтың қалған мүшелері шоу барысында анықталмақ. Назарларыңызға Team B-дің осы шоуда орындаған «Wait For Me» әнін ұсынамыз. 

Аударған: Айдана

Тайминг, әрлеу: Ақмаржан


Jonghyun (SHINee) - So Goodbye («Қала тыңшысы» сериалына OST) [қазақша субтитрлармен]

Бүгін 2011 жылы бүкіл көрермен назарын өзіне аударған және қазақстандық телеарналардың бірінен де көрсетілген «Қала тыңшысы» телесериалының саундтрегін...


T-ARA - Beautiful Sniper [қазақша субтитрлер]

“Treasure Box” - оңтүстіккореялық T-ARA  тобының 2013 жылдың 7-ші тамызында  жапон тілінде шыққан альбомы.  Альбомға 13 ән енген. Олардың ішінде "Sexy Love”, "DAY BY DAY",...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

"Алдаспан" тобы"Көңіл шуағы"
Роза Рымбаева"Сені ғана"
Роза РымбаеваАлтын сағым
"Тұран" тобы"Елім-ай"
"Тұран" тобыThe swan - N. Tilendiev
Роза Рымбаева"Дүние жалған"
"Тұран" тобы02 Contemplation by Mukagali - poems by M. Makataev
БатырРевнивая
"Тұран" тобы"Аңшылық"
Нұржан Тәжікенов"Сағыныш"

Жаңалықтар мұрағаты