Қыздар неге суретке көп түседі?

Қыздар неге суретке көп түседі?

Практикалық тұрғыдан суретке түсуді барлық қыздар жақсы көреді. Бұл тек әдемі қыздарға ғана қатысты емес. Мұны олардың әлемдегі ең сұлу ханшайым болғысы келетіндігімен байланыстыруға болады.

Олар өзіне назар аудартқысы келеді. Жоғарыдағы сұраққа бірнеше жауап табуға болады. Біріншіден, суретке түсу арқылы өзін жақсы таниды. Суретке неғұрлым көп түскен сайын өзіне деген сенімі артады. Сонымен қатар, қыздар суретіне қарап ненің жарасып-жараспайтынын анықтайды. Жүзіне қандай мимиканың сай келетінін де суретке түсу арқылы анықтайды.

Суретке ашық-шашық түсуді жақсы көретін қыздар. Олар өздеріне тым сенімді және мүсінімен мақтанады. Өкінішке орай, ата-анасы дер кезінде бұлай киінуіне тосқауыл қоймағандықтан, бұл киімі өздеріне қалыпты көрінеді.

Суретке түсуге ұялатын қыздар. Комплексі бар қыздар суретке түсетін кезде бетін жауып, түсірмеші деп қашады.

Өзін тым қатты жақсы көретін қыздар. Әдетте бұл нәзік жандылар өз суреттерін жұмыс үстеліне қояды немесе әлеуметтік желідегі парақшасына көп етіп салып қояды.

Бүгін таңда қыздар 100% сұлу болу үшін барлығын жасайды. Спорт клубына, косметикалық салондарға барып, түрлі маскалар жасайды. Қуанышымызға орай, кәріс қыздары секілді отаға көп жүгіне бермейді.

Яғни, қыз баласы өзінің МЕН-ін айқындау үшін, бойындағы сенімділікті дамыту үшін, комплекстерінен арылу үшін және көп естелік қалдыру үшін суретке түседі екен.

Ал Сіз қыздардың суретке көп түсуінің себебі неде деп ойлайсыз? Егер жоғарыдағы пікірмен келіспейтін болсаңыз, сіздің нұсқаңызды тыңдауға әзірміз.

Оқи отырыңыз:

Қыздар суретке қалай түседі?

Жігіттер суретке қалай түседі?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай