Бойыңыз ұзын болса... (қыздар үшін)

Бойыңыз ұзын болса... (қыздар үшін)

Бойыңыз қысқа болса, бұл – сіздің артықшылығыңыз, ал егер, керісінше, ұзын болса, бұл да – сіздің артықшылығыңыз. Бар болғаны оны ұтымды түрде қолдана білу керек. Кезекті материалымызда бойына бола қатты намыстанатын қыздар туралы айтпақпыз.

Бірден өзіңіз қандай болсаңыз, дәл сол күйінде жақсы көріңіз деп айтқымыз келеді. Біз өз табиғатымызды бағалаған кезде ғана адамдар бізге жақсы қарым-қатынас танытады.

Сыртқы сұлулық аса маңызды емес, ең бастысы – болмысын күте білу.

- Қарындас, сізбен танысуға бола ма?

-  Сіздің бойыңыз қанша?

- Бойым дейсіз бе? 168! Не болды?

- Жоқ, болмайды. Менің бойым 170 сантиметр. Туфлиімнің өкшесі 5 сантиметр. Сондықтан өзіңізге лайық қызды іздеп көргеніңіз жөн болар.


Мұндай қиындық бәрінде болмаса да, қазақстандық қыздардың тең жартысында кездеседі. Бұл қиындық тек бойдың ұзын болуымен байланысты емес, мұнымен қатар бойының қысқа екеніне қатты ұялатын қыздар да бар.

Бізді неге мазақтайды? Өйткені олардың бойы дәл біздікіндей емес. Өтпелі кезеңде бір-біріміздің кемшіліктерімізді байқап, айтпасақ болмайтын кездер болады. Әрбір жігіт қызынан ұзын болғысы келеді. Ал ол өз кезегінде сізден едәуір қысқа. Бұл әдеттегі комплекс. Егер сізді тағы бір мәрте мазақтайтын болса, оны көңіліңізге алмай, жәй ғана «Сен де бір күні өсерсің» деп сөзін қалжыңға айналдырыңыз. Әрине, намысына тию үшін «Қазіргі жігіттер уақытын спорт залына емес, бос сөзге жұмсайды» деп қарсы жауап қайтаруға болады. Бірақ конфликт сізге керек пе? Әсіресе, қыз баласына ұрысудың жараспайтынын ескеріңіз.

Жалғасы бар...

Ал сізде мұндай комплекс бар ма?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Айым Сейтметованың жеке парақшасынан (өңделген) 

Қ. Бүйенбай