Үй жағдайындағы косметика: жуынуға арналған көбік

Үй жағдайындағы косметика: жуынуға арналған көбік

Бет терісіне күнделікті күтім жасау қажет, яғни оны әрдайым тазартып, ылғалдандырып, қоректендіріп отыру міндетті. Теріні тазартуға арналған косметикалық құрылғылардың ішінде жуынуға арналған көбік кең танымал. Оны үйде де дайындауға мүмкіндік бар.

Үй жағдайында кез келген типтегі бет терісіне: құрғақ, майлы, қалыпты және т.б. көбік дайындауға болады. Мұндай тазартқыш құрылғы макияжды кетіріп, теріні кірден тазартып қана қоймай, оны құнарлы заттармен қоректендіреді.

Қалыпты теріге арналған көбік мәзірі

Бұл тазартқыш косметикалық құрылғыны дайындау үшін төмендегідей ингредиенттер қажет:
- 50 г кремтектес негіз;
- 50 мл сүт;
- 1 үлкен қасық бадам майы;
- 1 үлкен қасық бидай ұрығы майы;
- 1 кішкене қасық табиғи бал;
- 1 ампула Е дәрумені.
Ыстық судың буында кремтектес негізді ерітеді, оған сәл ысытылған (қайнатылмаған) сүтті құяды, үстінен бал қосады. Кейін қоспаға бадам майы, бидай ұрығы майы мен Е дәруменін қосады. Арнайы көпіртетін құралмен қоспа көпіргенше мұқият араластырады. Осы мәзірмен дайындалған косметикалық құрылғыны алдын ала дайындалған құтыға құяды.

Жуынуға арналған бұл көбікті тоңазытқышта әрі кетсе 7 күн сақтау керек.

Құрғақ теріге арналған көбік мәзірі

Бұл тазартқыш құрылғыны мына ингредиенттерден дайындайды:
- 1 үлкен қасық суытылған қайнақ су немесе дистилденген су;
- 5 тамшы хош иісті лаванда майы;
- 1 үлкен қасық манго майы;
- 4 үлкен қасық сабын негізі;
- ½ кішкене қасық балара балауызы;
- 5 тамшы солмасгүл шөбінің эфир майы;
- 1 үлкен қасық ши майы.
Сабын негізін, майлар мен балара балауызын қайнаған судың буында ысытады, кейін бұл қоспаны көбіктенгенше миксермен араластырады. Қоспаны арнайы құтыға құйып, құтыны суық суға салып қояды (қоспа 37 градусқа дейін сууы қажет). Кейін осы қоспаға эфир майын құйып, жақсылап шайқайды.

Осы мәзір бойынша дайындалған жуыну көбігі теріні тазартып қана қоймай, ылғалдандырады, сонымен қатар құнарландырады. Жиі қолдансаңыз бет терісінің реңі жақсарып, тері жұмсарып, көркі артады.

Сабын негізінде жасалған көбіктерді көз бояуын кетіруге де пайдалануға болады.

Сезімтал теріге арналған тазартқыш крем

Бұл косметикалық құрылғының құрамында келесідей ингредиенттер бар:
- бір уыс қуырылмаған бадам ағашы немесе 2 үлкен қасық бадам ұнтағы;
- 2 тамшы хош иісті лаванда майы;
- 2 үлкен қасық ақ косметикалық балшық;
- 1 үлкен қасық алоэ вера гелі;
- 2 тамшы түймедақ эфир майы.
Бадам ағашына қайнаған су құйып, қабығын аршып, кофетартқышта ұнтақтайды. Кейін бадам ұнтағын алоэ гелімен, эфир майларымен және косметикалық балшықпен араластырады. Дайын кремді қақпағы жақсы жабылатын құтыға құйып, тоңазытқышта сақтайды (сақтау мерзімі – 10 күн). Теріні тазарту үшін қоспаны аз мөлшердегі сумен араластырып, теріге уқалап жағады да, жуып тастайды. Осы процедуралардан кейін тері жұмсарып, саулығы артады.

Cурет: triumphtech.ru, feelgood.ua, wday.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Үй жағдайындағы маникюр: шеллакты кетіру

A. Mustafina