Безеумен күресу амалдары

Безеумен күресу амалдары

Бет терісінің қабынуы – әр қызға таныс мәселе. Алайда проблеманы ушықтырып алмас үшін безеумен күресуде ақылдылық таныту керек. Терінің мінсіз өңін қайта қалпына келтіру үшін бірнеше кеңесті қаперіңізде ұстаңыз.

Антибактериалды тазарту

Бактериялардың таралуын тоқтату үшін күнде таңертең және кешке теріні тазартуға арналған маңызды жоралғыны әдетке айналдыру қажет. Безеулердің пайда болуына көбіне май бездерінің жүйесіз жұмысы себеп болады, сол үшін бетте майлы жылтырау пайда болып, бет тесіктері ұлғайып кетеді. Майлылықты басу үшін проблемалы теріге арналған күнделікті антибактериалды қоспаларды пайдалану қажет.

Тазартуды жуынуға арналған гельді пайдаланудан бастаңыз. Ол теріге терең сіңеді, бір күнде жиналған кірді кетіреді. Сумен жуынған соң әрдайым бет терісін тоникпен сүртіңіз: ол терінің тонусын көтеріп қана қоймай, тыныштандырып, жұмсартады. Теріні күту қоспаларының құрамында спирттің жоқтығын қадағалаңыз. Спирт теріні құрғатып тастайды, нәтижесінде теріміз қорғаныс қабатынан айрылады, ал бұл бактериялардың ұлғаюына әсер етеді. Бет терісінің жансыз жасушаларынан және қара нүктелерінен айрылуға, жаңарған келбет беруге жұмсақ скраб көмектеседі. Теріге зақым келтіріп алмас үшін қатқыл бөлшектерсіз пилингті таңдаңыз. Антибактериалды әсері бар шипалы маскаларды да пайдаланып көріңіз. Құрамында балшығы бар қоспалар және саздан жасалатын маскалар қабыну процесін басады.

Нүктелі емдеу

Мұқият тазаланғаннан кейін теріміз проблемалы теріге арналған емдік косметиканы жағуға дайын болады. Күнделікті қолданысқа арналған крем қабынуға қарсы элементтерден тұруы қажет. Олар безеуді емдеп, бактериялардың таралуының алдын алады, теріні тегістеп, ылғалдандырады. Сапалы қоспалардың құрамында себо реттеуші компоненттер (мысалы, цинк пен күкірттің байланысы), табиғи липидтер мен антиоксиданттар болады. Қырмызы, шай ағашы немесе түймедақ сынды табиғи антисептиктерден, АНА-қышқылдардан, А және Е дәрумендерінен тұратын кремдерді ұсынамыз.

Проблемалы теріге арналған арнайы лосьондарды косметологтар мен фармацевтер мәзір бойынша дайындайды, оларды үйде қолдануға да болады. Қабынуға қарсы әсері бар қоспалардың бірі - «болтушка» маскасы. Терінің типі мен проблемасына қарай оның құрамына салицил қышқылы, мырыш оксиді, левомецитин кіреді. Құрамында мырышы бар «болтушкалар» теріде қара нүктелердің пайда болуының алдын алады. Бұлардың арасында 5% қоршалған мырыштан тұратын «Видаля» тазартқыш сүті кең танымал. Мырыш пен салицил қышқылының негізінде жасалған лосьондарды безеу кезінде күніне 2-3 рет қолданады. Бірақ есіңізде болсын, «болтушкамен» емделу екі айдан аспауы қажет және емдеуді маманның ұсынысымен ғана бастаған жөн.

Егер беттің кейбір жерлерінде ғана антибактериалды шаралар ұйымдастырмақ болсаңыз, 1-2-проценттік салицил немесе левомецитин спиртін мақталы таяқшаның көмегімен безеудің дәл үстіне жағыңыз. Бет терісінің барлық жеріне жақпаңыз – бұдан тері құрғап, тітіркенуі мүмкін. Айта кетерлік нәрсе, бір мезгілде бірнеше тазартатын қоспаны қолданбағаныңыз абзал.

Безеумен күресуде дәстүрлі қоспалар проблемалы теріге арналған заманауи дайын қоспалардан кейін қалып жатады. Безеуді емдеу препараттарының ішінде бензоил пероксид гормоналды емес қоспасын атап өтуге болады. Ол бактериялардың көбеюін тоқтатады, теріні тазартады және орын қалмауын қамтамасыз етеді. Бензоил пероксид Galderma француз компаниясының өнімі «Базирон АС» антибактериалды гелінің құрамында бар. Сонымен қатар ол теріні жұмсартатын және ылғалдандыратын компоненттерден тұрады. Осы қоспаны бір апта пайдаланған соң бактериялар саны 94%-ға азаяды. Қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқыған жөн.

Ірі шаралар

Безеуді өз бетіңше емдеу кезінде теріге зақым келтіріп алу қаупі бар. Өйткені қабыну терінің кірлеуінен ғана емес, гормондардан, стресс немесе ағзаның ішкі мәселелерінен туындауы мүмкін. Сондықтан дербес емді тек дәрігер жазып бере алады. Егер бетте безеу пайда болса, денсаулықты түгел тексеру қажет. Дәрігер иммунитетті зерттейді, гормоналды сфераны түзейді, бактериялармен күресу қоспаларын және безеуге қарсы диетаны бекітеді. Мәселенің беті қайта бастағанда косметикалық процедураларды іске асыруға болады. Косметолог теріні қалыпқа келтіреді – теріні тазартады, безеудің орындары мен тыртықтарды кетіреді.

Сурет: miledy.info

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Арқадағы безеулерді қалай кетіремін?

Денедегі безеулермен күресу

Безеу неге кетпейді?

A. Mustafina