Кофені көп ішу өмір жасын қысқартатын болып шықты

Кофені көп ішу өмір жасын қысқартатын болып шықты

АҚШ ғалымдары кофені көп мөлшерде тұтынатын адамдардың өмір жасы 55-тен асуы неғайбыл екенін айтады.

Әрине, америкалықтар секілді халқымыз күнделікті 400 миллион шыныаяқ кофе ішпейді. Оның үстіне бұл сусынды ішетіндердің 60%-ы қарт кісілер көрінеді.

Әр түрлі университеттердің мамандары бірігіп, жүрек қан тамырларына байланысты аурудың түрлерін анықтаған. Бұл экспериментке 20-87 жас аралығындағы 33 900 ер адам, 10 000 әйел адам қатысқан.

Олардың барлығы да өмірлеріне қатысты сұрақтар қойылған анкета толтырып, күнделікті тұрмыста қанша шыныаяқ кофе ішетіндігін айтқан. Аталған эксперимент 16 жылға созылған. Осы уақыт аралығында 25 000 адам қайтыс болған. Олардың ішінде 87,5% ер адам, 12,5% әйел адам. Өлімнің 32%-ы жүрек қан тамырлары ауруларына байланысты болған. Нәтижесінде, 55 жасқа дейінгі адамдарда қайтыс болу мүмкіндігі 56%-ға дейін жоғарылайтындығы анықталған. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай