Бойы 158 сантиметрден аспайтын адамдар ұзақ өмір сүреді

Бойы 158 сантиметрден аспайтын адамдар ұзақ өмір сүреді

АҚШ мамандары бойы қысқа адамдардың ұзақ өмір сүретіндігін айтуда. Осыны дәлелдеу мақсатында Гавай университетінің ғалымдары жапондық ата-бабасы бар бірнеше мың американдықты бақылаған. Және адам бойы мен оның өмір сүру мерзімінің байланысын анықтаған.

Анализ нәтижесі бойы 163 сантиметр болатын адамдарға қарағанда бойы 158 сантиметрден аспайтын адамдардың өмір жасы ұзақ болатынын көрсеткен. Бұл экспериментті жүргізуші мамандардың бірі Брэдли Уилкокс зерттеудің бойы 152,2 сантиметрден бастап 183 сантиметрге дейін жететін адамдар арасында жүргізілгенін айтады.

Ғалымдар мұның барлығын адам генімен байланыстырады. Бойы қысқа адамдардың бойында «FOX3» сынды гені болады екен. Ал ол өз кезегінде қандағы инсулин мөлшерін бақылап, көтеріліп кетуіне мүмкіндік бермейді. Мұнымен қатар бұл ген ісік ауруына шалдығу мүмкіндігін төмендетеді.

Гавай университетінің мамандары өз болжамдарын ғылым деңгейінде дәлелдегенімен, мамандар бұған сын көзбен қарауда. Дәл қазір бұл болжамның басқа халықтар үшін жарайтындығы белгісіз болып отыр.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай