АҚШ ғалымдары айына 1 күн аш жүруді ұсынады

АҚШ ғалымдары айына 1 күн аш жүруді ұсынады

Ағзамызды боқаттан тазарту үшін айына бір күн аш жүргеніміз абзал. Бұл фактіні АҚШ ғалымдары ұсынуда. Олар біздің ағзамыздың ас қорыту мәселесіне келгенде қатты қиналатындығын айтады. Ал жоғарыдағы тәсіл орындалған жағдайда ағза токсиндерден арылып, бауыр мен қан айналым жүйесінің, лимфаның, ішек пен бүйректің жағдайы жақсаратын сыңайлы. Тіпті жарты күн тамақ ішпеген кезде осылай болады екен.

Мұнымен қатар, дәрігерлер мұны жылына бір рет қана жасап қоймай, әдетке айналдыруды ұсынады. Арасында су ішіп тұруды ұмытпау керек. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай