Күйзелістен құтқаратын иістер белгілі болды

Күйзелістен құтқаратын иістер белгілі болды

Жапониялық ғалымдар кейбір иістердің адамның қан құрамын өзгертіп, жағдайын бір қалыпты күйге түсіретінін дәлелдеді. Олардың айтуы бойынша, кейбір иістер адам бойындағы күшті азайтып, күйзелістен құтқарады, тіпті, депрессияны жеңеді екен. 

Денсаулықтың қалыпты болуы үшін дәрігерлер ең басты мына үш иісті ұсынып отыр: лимон, манго, лаванда. Зерттеу нәтижелері осы үш иістің ағзаға әсер етіп, қанның химиялық құрамын өзгеріске түсіретінін көрсетіп отыр. Зерттеулер әзірге зертхана аумағанда ғана жасалды. Алайда ғалымдар дәл осы үш иістің адам ағзасына тікелей әсер ететінін сенімді түрде мәлімдеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: healthplanet.by

Н. Айдархан