Мектептегі сабақ нешеде басталуы керек?

Мектептегі сабақ нешеде басталуы керек?

Ғалымдар мектеп оқушыларының ұйқысы қанбайтындығына алаңдап отыр. Себебі дұрыс ұйықтамау баланың оқу үлгеріміне тікелей әсер етеді. Сол себепті олар жоғары сынып оқушыларының сабағы таңғы сағат сегізден кейін басталуы қажет деп есептейді. 

Дәрігерлердің айтуынша, ата-анасы баласын төменгі сыныптарда ғана белгілі бір уақытта ұйқыға жатқыза алады. Ал жоғарғы сынып оқушылары өз еріктерімен сағат он бірлер шамасында ұйықтайды. Ұйқы циклы мен сергектік бір-бірімен қабаттасып, негізгі мелатонин гормоны ұйқыны шақыру кезінде өзінің жұмысын әлдеқайда кеш бастайды. Сондықтан жасөспірімдер мектепте көбіне ұйқылы-ояу жүреді. Ұйқының қанбауы күйзеліс, жабығу, денені май басу секілді мәселелерге алып келеді. Ал ондай жағдайда оқушының оқу үлгерімі туралы айту артық.

Мұндай жағдай туындамас үшін дәрігерлер мектептегі сабақты өз уақытынан кешірек бастаған жақсы дейді. Олардың пайымдауынша, демалыс күндері жасөспірімдерге көп уақыт ұйықтауға мүмкіндік бермеген дұрыс. Ал ұйықтау кезінде ұйқының қануына кедергі жасамас үшін барлық құрылғыны сөндіріп тастаған жөн.

Оқи отырыңыз: 

Ұйқы алдындағы қыз күтімі

Жеткіліксіз ұйқы геніңізді өзгертеді 

4-5 сағатта ұйқы қандырудың жолдары

Түскі ұйқы балалардың есте сақтау қабілетіне пайдалы

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет:www.kakprosto

Н. Нұрмаханұлы