Әр түрлі сусын өнімдерінің денсаулыққа әсері қандай?

Әр түрлі сусын өнімдерінің денсаулыққа әсері қандай?

Су кез келген дененің зат алмау процесіне белсене араласады, сол себепті судың денсаулыққа пайдасы көп. Ал газдалған және шырынды сусынға деген сұраныс белгілі бір қажеттілік туған кезде ғана пайда болады. Басқа жағдайда олардың денсаулыққа тигізер кері әсері болуы ғажап емес. Шай, кофе, сүт өнімдері ағзаға темірдің сіңуіне кедергі жасайды және оларды көп мөлшерде ішуге болмайды.

1. Сүт


Сүт өнімі дәрумендер мен көмірсуларға өте бай. Алайда кей адамның ағзасы ондай көлемдегі пайдалы заттарды көтере бермейді. Оның барлығы денеде белгілі бір ферменттің жоқтығынан туындайды. Мұндай жағдайа сүт іш ауыртуы, іш өткізуі және жүрек айнытуы мүмкін.

2. Шай

Шай адам бойына сергектік береді. Бірақ ағзаға темір, цинк және кальций элементтерінің сіңуін қиындатады. Сол себепті шайды тамақтан біраз уақыт бұрын немесе кейін ішу пайдалырақ болады.

Көк шай қара шаймен салыстырғанда әлдеқайда пайдалы. Оның құрамында флавоноид және полифенол бар. Ол өзіңізді жеңіл сезінуге септігін тигізеді. Көк шайды ішетін кезде оған қант, сүт, лимон қосуға болмайды, өйткені ол өзінің бойындағы нәрін жоғалтады. Бөтелкедегі көк шайды сатып алып ішкен дұрыс емес, себебі оның құрамында лимон қышқылы бар.

3. Кофе

Бұл сусынды тек артериялық қысымы төмен немесе денсаулығы мықты кісілерге ғана ішуге кеңес беріледі. Жүрегі нашар, қан жолдары әлсіз адамдарға кофе қауіпті болуы мүмкін. Жүйке және жүрек қағыс буындары әлсіз адамдарға кофе ішпеген жөн.

4. Шырын

Шырынның ең пайдалысы, әрине, жаңадан сығылған шырын. Бірақ шырынның кей түрі адамдарға зиянды болуы мүмкін. Себебі, шырын ішінде қышқылдық болады.

5. Минералды су

Минералды суды тек дәрігердің нұсқауымен ішу керек, өйткені су құрамындағы тұз секілді қоспалар зат алмасу процесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Минералды суды тек қажетті көлемде пайдаланған дұрыс.

6. Тәтті газдалған сусындар

Тәтті газдалған сусындар денсаулыққа зиянды. Қант және лимон қышқылы тістің беріктігін кетіреді. Ал хош иістендіргіш болса, бүйрек ауруын қоздырады.

7. Алкоголь (ішімдік)

Алкогольді сусынды шеттен тыс көп пайдаланушылардың бауыры ауырып, миы құрғайды. Және де дене жасушасының қуаттандырғыш В (B1, В6, В12) дәрумен метоболизмі бұзылады. 

Оқи отырыңыз: 

Көк шәйдің пайдасы

Әлемдегі ең танымал сусын 

Газдалған сусындар пайдалы ма?

Тамақты алмастыратын сусын шықты

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет:almaty.all.biz, www.grippa-net.net,sunfood.com.ua

Н. Нұрмаханұлы