Тіс тазалау уақыты кемінде 3 минут болуы қажет

Тіс тазалау уақыты кемінде 3 минут болуы қажет

Тістің дұрыс тазаланбауы тіс ауруына әкеліп соғуы мүмкін.  Бір сөзбен айтқанда көбіміз тісті қалай дұрыс тазалау керектігін білмейміз. Оған қарамастан біз тісімізді өзіміздің бұрынғы әдетіміз бойынша бір-екі рет ысқылап шая саламыз. Тіс тазалау қарапайым үрдіс болып көрінгенімен оны тазалаудың сан алуан әдіс-тәсілі бар. Олардың барлығы тіс щеткасының әртүрлі болуы мен іс-әрекеттің өзгешелігіне байланысты ерекшеленеді.  Мысалы, атақты стоматолог Рейте тіс щеткасын ауыз қуысына 90 градустық өлшеммен орналастырған жөн деп қарастырған. Ал стоматолог Стилман тіс тазалау кезінде щетканы тістің етіне қатты батырып тазалаған дұрыс деп есептеген. Стоматолог мамандары осындай пікірлерді жинастыра келе жалпыға бірдей ортақ ереже жасап шығарды. Олар:

  • Тіс тазалау уақыты кемінде 3 минут болуы қажет;
  • Тіс щеткасы тіс пен қызыл иекке 45 градуста болуы тиіс;
  • Микроб қалдығын ауыз қуысына таратпас үшін тіс тазалауды екіге бөліп қарастырған жөн: алдымен жоғарғы жағын тазалап алып, кейін төменгісін тазалау керек;
  • Тазалауды алдымен алдыңғы тістерден бастап, кейін бірте-бірте артқы бөлігіне көшеді;
  • Төменгі тістерді төменнен жоғары, ал жоғарғы тістерді керісінше жоғарыдан төмен тазалаймыз;
  • Азу тістері щеткамен айналмалы іс-қимыл жасау арқылы тазаланады;
  • Ауызды шайып болған соң, тілді қоса тазалауды ұмытып кетпеңіз, себебі тілде микроб көп сақталады.

Тісті күніне екі мәрте тазалау керек: таңғы және кешкі астан кейін. Бұл – тістің күтіп-баптау гигиенасы. Тамақты біз сонымен қатар түс мезгілінде ішеміз. Ондай сәтте сағыз шайнаған жөн, алайда сағызды 10 минуттан артық шайнауға болмайды.

Оқи отырыңыз: 

Тіс ауруынан құтылу жолдары

Адам физиономиясына қатысты қызықты фактілер

Мойныңыздағы ауырсыну сезімінен арылғыңыз келсе

Қан қысымының төмендігі: сырқат па, әлде дімкәстік пе?

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет: www.pearlychoppers.com

Н. Нұрмаханұлы