Желідегі парақшаны қарай беру пайдалы екен

Желідегі парақшаны қарай беру пайдалы екен

Әлеуметтік желілердегі өз аккаунтыңызға кіріп ескі суреттеріңізді қарай беру де саябақта серуендеу сияқты пайдалы іс болып табылды.

Мұның себебін мамандар адамдар әлденеге ашулы я күйзеліске түсіп отырғанда ескі суреттері мен жазбаларын қарау арқылы өткен күндердегі қуанышты сәттерді есіне алып, содан көңіл-күйі көтерілетінімен түсіндіреді. Әлеуметтік желі қолданушыларының 90%-ы өз жеке парақшасына кірсе, оның 75%-ынан көбі күйзеліске түскенде бейсаналы түрде өз жеке парақшасын ақтарады екен. Әсіресе парақша ақтару күйзеліске тез түсетін адамдарға пайдалы.

Портсмут университетінің зерттеушілері әлеуметтік желіге көп кіретін 114 қолданушыдан жауап алған. Оның ішінде көп бөлігі ер адамдар болыпты. Ал сұралғандардың орта жасы 34-те болған. Соның 39%-ы психикалық бұзылуға шалдыққандар болып шығыпты. Нәтижесінде зерттеуге қатысушылардың 86 пайызы күніне кем дегенде бір рет әлеуметтік желідегі профилін көңіл-күйін көтеру мақсатында ақтарып шығатыны анықталған.

Зерттеушілер осы жәйттарды анықтай келе, өз-өзін тыныштандыру психикалық ауруға шалдыққан, күйзеліске ұшыраған адамдар үшін таптырмас ем деп тұжырым жасапты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ria.ru

А. Құлтай