Ұйқыңыз келгенде кофенің орнына не тұтынуға болады?

Ұйқыңыз келгенде кофенің орнына не тұтынуға болады?
Фото: dribbble.com/Cuppa

Кез келген кеңседегі компьютер алдындағы көпсағаттық жұмыс адамды шаршатып, ұйқыны келтіреді. Ал осындай халден арылу үшін не істеу керек? Кофе құтқармағанда басқа не тұтынуға болады?

1. Шоколад

Неліктен? Ол тәтті, құрамында қант көп. Қант адамға екі-үш сағатқа сергектік сыйлай алатын эндофриндерді бөлуге көмек береді. "Емтихан алдында шоколад немесе бір пиала шәй ішкен жөн" деген қағида бәріміздің де есімізде болар.

2. Салқын су

Адамның суды көп ішпеуі де тез шаршауға алып келеді. Таңертеңнен көп су ішіп отырсаңыз, күні бойы өзіңізді сергек сезініп жүресіз.

3. Жидектер

Кез келген жидек өте пайдалы. Ал егер таңқурай немесе құлпынай болса, тіпті жақсы. Бұл жидектер табиғи белсенділікті қалыптастырады.

4. Апельсин шырыны

Цитрус дақылдары – ұйқылы-ояу жүретіндерге таптырмас дүние. Шырын адамның денесін қуаттандыратын С дәруменіне бай. Ал апельсин дәмі мидың жұмысын жылдамдатады. Әсіресе, қыс кезінде сіздің шапшаң қимылдауыңызға демеу болады.

5. Кез келген сусынды салқындатып ішіңіз

Салқын су туралы айтып өттік. Судан басқа өзге де сусындарды салқындатып ішіп отырсаңыз, денеңіз өзін балғын сезіне бастайды.

6. Жаңғақ

Олар пайдалы дәрумендерге толы, тіпті мидың қызметін де жақсартады. Дегенмен, оны да көп қолдануға болмайды.  Артық энергия қажетіңізге жұмсалмауы мүмкін.

7. Көк шәй

Мұнда бәрі түсінікті. Кез-келген шәйдың құрамында кофеин болғандықтан, сізді ұйқыдан арылтады. Кофеге қарағанда шәй ішкеннен кейін жұмысыңыз нәтижелі болады. Кофенің әсері бірден білінеді де тез жоғалады. Ал шәй керісінше.

8. Алма

Алма ағзаның зат алмасу процесін дамытатын бор элементіне бай. Аталған үдеріс жылдамдаған сайын сіздің жұмысқа деген шабытыңыз ашыла түспек. Одан бөлек алманың сан түрлі пайдасы бар. Сондықтан, алманы күнде біреуден тұтынуды ұмытпаңыз.

9. Банан

Бананның құрамында табиғи қант өте мол болғандықтан, ағзаға қуат береді.

10. Йогурт

Мұнда бар әңгіме магнийде. Көп уақытқа жететін қуат көзі осы магний элементінде жатыр. Дағдылы жүрек жалғау кезінде йогуртты пайдаланыңыз. Өзіңіз де сергек, жұмысыңыз да орынды болады.

Ж. Өрісбай