Таңғажайып 10 медициналық рекорд

Таңғажайып 10 медициналық рекорд

Таңғажайып оқиғалар тек медициналық сериалдарда ғана болмайды. Назарларыңызға шынайы өмірде болған, ақылға сыймас медициналық рекордтардың үздік ондығын ұсынамыз.

Денедегі ең жоғарғы температура 1980 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында тіркелген. 52 жастағы Уилли Джонстың ыстығы қатты көтеріліп, ауруханаға түседі. Оның температурасы 46,5 °C-ты көрсеткен. Уилл Джонс ауруханада 24 күндей емделіп, сауығып шыққан екен.

1994 жылы 23 ақпанда денедегі ең төменгі температура – 14,2 °C тіркелген. Екі жасар канадалық Карли Козолофски алты сағат бойы -22 °С салқын жерде қалып қойған. Дәрігерлер сәбиге дер кезінде көмек көрсетіп, аман алып қалған екен.

Хирургиялық көмекке жүгінген ең кәрі адам – АҚШ-тың Хьюстон қаласының тұрғыны Джеймс Генри Бретт (кіші).  Ол 111 жасқа толуына 105 күн қалған кезде жамбасына ота жасатқан. Қиындыққа толы күрделі ота Джеймс Генри Бреттің қуанышына орай сәтті аяқталған.

Ең көп таблетка қабылдаған адам - зимбабвелік К. Килнер. Ол 21 жасында 1967 жылдың 9 шілдесінен бастап, 1988 жылдың 19 шілдесіне дейінгі емделу кезінде 565 939 дана таблетка қабылдаған.

Ең үлкен ине ұлыбританиялық Сэмюэль Дэвидсонға салынған. Ол 78 900 инъекция инсулин қабылдаған екен.

Гемофилиядан (қанның ұюының нашарлығынан қан тоқтамау) зардап шеккен чикаголық Уоррен Джиричке ота кезінде рекордтық көлемде қан қажет болған. 1970 жылдың желтоқсан айында 50 жастағы Уоррен Джиричтің жүрегіне ота жасау кезінде 2400 донорлық бірлік (1080 литр қан) құйылған.

Америкалық Чарльз Йенсен 1954 жылдан 1994 жылға дейін 970 рет ота жасатқан.

Буын қабынуынан зардап шеккен америкалық Норма Уиквайр 1979 жылдан 1989 жылға дейін сегіз рет жасанды буын салдыруға мәжбүр болған.

Жүрегі ең көп уақыт тоқтап қалған адам - норвегиялық балықшы Ян Ревсдал. Ол қысты күні Берген ауданындағы бортта аяғы тайып, құлап түседі. Ауа температурасының өте қатты суық болуы себепті оның жүрегі төрт сағат бойы соқпай қалған.

1977 жылы британиялық Дэвид Перли «Формула-1» автожарысындағы апат нәтижесінде денесі 29 жерден сынып, 3 жерден шығып кетеді. Тіпті, жүрегі ауруханаға дейін алты рет тоқтап қалады. Дэвид Перли жазылып шыққан соң, автожарысқа қайта оралып, жарыстарға қатысады. Ол 1985 жылы 2 шілде күні ұшақ апатынан қаза табады.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Н. Айдархан