Суық судың шипасы

Суық судың шипасы
  • Бастан күн өтіп, мұрыннан қан ақса, орамал немесе шүберекті суық суға шылап, маңдайға аз-кем басып тұрса, қан тоқтайды.
  • Көз ыстыққа төзімсіз келеді, бірақ суыққа шыдай береді. Таза суық сумен беті-қолды жуса, ми сергек, көз өткір болады. Ұзақ жыл осы әрекетті қайталаса, жұқпалы көз ауруын азайтуға, көру қуатын қорғауға, көздің ауруға қарсылық қуатын арттыруға болады.
  • Қол-аяқ сіңірі созылып, сіңір созылған жер қанталаса немесе іссе, оған дереу суық су өткізсе, жарылған ұсақ қантамырлар тез бітеледі. Ісіктің қайтуы тездейді, қан тоқтап, қақсам ауруы басылады.
  • Жаз күндері үнемі суық суға түсіп, шомылып тұрса, дене қуат артып, суыққа төзімділік күшейіп, оңай тұмау тимейді.
  • Тіс сыздап, қақсап ауырғанда, ауызға суық су толтырып, ауызды бірнеше қайтара шайса, тістің ауырғанын белгілі деңгейде басады.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: tooopen.com

M. Auelkhan