Күйікті қалай емдейміз?

Күйікті қалай емдейміз?

Күйікті күн астында ұзақ уақыт жүріп, сіріңкені немесе электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау нәтижесінде де алуға болады. Оның қай түрі болмасын қауіпті. Кейбірі адам терісінің жақсы болуына байланысты жылдам емделсе, екіншілеріне медициналық көмек қажет. Ал күйікті дұрыс емдеу үшін ең алдымен оның қай дәрежелі екендігін анықтап алғанымыз жөн. Төменде күйіктің классификациясын және алғашқы көмекті қалай көрсетуге болатындығы жайында мәліметтер ұсынамыз:

1. Бірінші дәрежелі күйік. Ең көп таралған әрі әлсіз түрі. Бірінші дәрежелі күйік кезінде тері аздап қызарады және қолмен басқан кезде ауырады. Терінің ең сыртқы «эпидермис» қабаты зақымдалады. Әдетте күннің астында көп жүрген кезде пайда болады.

2. Екінші дәрежелі күйік біріншіге қарағанда көбірек ашып ауырады. Күйген жерлерде күлдіреуіктер пайда болады. Ол ас үйде жүріп қолымызды қайнап тұрған қазанның немесе шәугімнің, ауылда самаурынның сыртына тигізіп алған кезде болады. Бұл кезде терінің «дерма» деп аталатын екінші қабаты жарақаттанып, сыртқы қабаты толығымен күйіп кетеді.

3. Күлдіреуіктің түсі сарғыш болып келеді. Олар ешкімнің көмегінсіз-ақ жаңа тері пайда болған кезде жарылады.

4. Үшінші дәрежелі күйік. Ауыр жарақаттардың қатарына жатады. Терінің астындағы қабаттары да зақымдала бастайды. Тері ағарып кетуі де мүмкін. Жүйке жүйесі зақымдалатындықтан, күйген жерін сезбей қалуы ғажап емес.

5. Төртінші дәрежелі күйік. Жүйке талшықтары толығымен зақымдалып, күйген жер қарайып, артынша қабыршықтанып кетеді. Күйіктің ең ауыр түрі болғандықтан, тері, жүйке жүйесі, бұлшық ет және сүйек толығымен жарақаттанады.

6. Химиялық күйік. Әдетте адам терісі қышқылға немесе сілтіге тиген кезде болады. Химиялық күйік кезінде адамның терісі сұр түстен қоңырға дейін өзгеруі мүмкін. Күйіктің адам ағзасын қаншалықты жарақаттағанын 13-24 сағат ішінде ғана анықтауға болады.

7. Жеңіл күйіктерді емдеу. Бірінші, екінші дәрежелі әрі көлемі 3 диаметрден аспайтын күйіктер аса қауіпті емес. Оларды емдеу үшін төмендегі нұсқаулықтарға назар салыңыз:

- Күйген аймақты салқындатыңыз. Оны суық судың астына 10-15 минутқа қойып қойыңыз. Бірақ еш уақытта үстіне мұз қоймаңыз;

- Мұнымен қатар таңғышпен де орамаңыз. Ол ауаның жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Және жылдам жазылуы да тежеле түседі.

8. Ауруды басатын дәрі қабылдаңыз. Дәріханадан сатып алынған аспирин, ацетаминофен, ибупрофен және напроксен сынды дәрілердің қай түрі болса да жарай береді.

- Күйіктің үстін микробтар түспес үшін жеңіл дәкемен жауып қойыңыз.

9. Таңғышты күнделікті ауыстырып тұрыңыз. Ауыстыру кезінде жақсылап жуып, бетіне күн көзінен қорғайтын крем жағыңыз. Емдеу шараларын бастамас бұрын қолдарыңызды жақсылап жуыңыз.

10. Инфекцияның пайда болмауын қадағалаңыз. Әдетте инфекция күлдіреуіктер пайда болған кезде, үшінші, төртінші дәрежелі күйік бетіне түседі.

11. Ауыр жарақаттарды емдеу. Кез келген үшінші, төртінші дәрежелі күйік болғанда, бет, қол, шынтақ, шап, буын күйіп қалған кезде дәрігерге қаралыңыз. Жедел жәрдем келгенше төмендегі нұсқаулықтарға сәйкес әрекет жасаңыз:

- Күйген бөлікке жабысып қалған киімдерді шешіп әуре болмағаныңыз жөн. Артынша қансырап кетуі мүмкін;

- Күйіктің үстіне бірнеше секунд уақытқа ғана салқын компресс қойыңыз. Осылайша дененің температурасын түсіре аласыз. Бірақ мұзды пайдаланып жүрмеңіз.

12. Жарақаттанушы шок халіне түсуі мүмкін. Оны тамыр соғысының бәсеңдеуі, терісінің жабысқақ болуы, талып қалу, жүрек айну және агрессивті мінез-құлық көрсету сынды белгілері арқылы анықтай аласыз.  

13. Жарақат алушыны күйігі жүрегінің үстіңгі бөлігінде орналасатындай етіп жатқызыңыз.

14. Тынышталыңыз. Дүрбелеңге салынбаңыз. Жедел жәрдем келгенше жарақаттанушының жанында болыңыз.

15. Химиялық күйіктерді емдеу тәсілдері

- Күйіктің үстін щетканың көмегімен тазартыңыз;

- Күйіктің орнын таза сумен жуыңыз;

- Киім, әшекей бұйымдар секілді қоздырғыштардан арылыңыз. Жоғарыда айтқанымыздай, киімді жабысқан жерінен тартып шешуге болмайды, бар болғаны қайшымен кесіп тастаңыз;

- Күйіктің бетін таза, құрғақ дәкемен жауып қойыңыз.

16. Дәрігерге қай кезде барамыз? Азғантай күйіктің өзі денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан төмендегі жағдайларға тап болсаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

- Диаметрі 3-тен асатын екінші дәрежелі күйік кезінде;

- Кез келген үшінші, төртінші дәрежелі күйік болса;

- Бет, қол, жамбас, буын зақымдалғанда.

17. Адамның тыныс алу жолы зақымдалса, терең дем ала алмайды. Және газ, түтіннің иісін көп мөлшерде жұтып қойса, тұншыға бастайды.

18. Күйіктің себептері. Адамның терісі Цельсийдің 60 градус температурасынан жоғары ыстықпен жанасқан кезде күйеді. Мұнымен қатар химиялық элементтерді дұрыс пайдаланбау нәтижесінде күйіп қалуы мүмкін. Бұдан өзге себептері:

- От;

- Ыстық сұйықтық немесе бу;

- Ысып тұрған металл, әйнек секілді қатты заттармен жанасу;

- Электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау;

- Оба сынды қатерлі ауруларды емдеуге қолданылатын рентгенограф сынды аппараттардың дұрыс қолданылмауы нәтижесінде;

- Соляридегі ультра күлгін сәуле;

- Түрлі химикаттар, қышқыл, бензин, сілті, жанармай және т.б.

Қосымша кеңестер:

1 Еш уақытта күлдіреуіктерді өзіңіз жармаңыз.

2. Кір қолдарыңызбен күйіктің бетін ұстамаңыз. Арнайы медициналық қолғаптарды пайдаланғаныңыз абзал.

3. Жоғарыдағы кеңестер дәрігердің көмегін алмастыра алмайды. Сондықтан өзіңіз емдей алмасаңыз, дәрігерге қаралыңыз.

4. Дәке жоқ болса, орнына полиэтиленді жабындыларды пайдаланыңыз. Ол ағзаға инфекцияның түсіп кетпеуін қадағалайды.

5. Алғашқы көмек көрсету үшін таза суды немесе тұз ерітіндісін пайдаланыңыз. Мұнымен қатар жарақаттанушының мұздап қалмауын қамтамасыз етіңіз.

6. Үшінші, төртінші дәрежелі күйік алған адамды ойланбастан жақын маңдағы ауруханаға жеткізіңіз.

7. Ал жеңіл түрлерін емдеу үшін алоэ гүлінің жапырақшаларын күйген жердің үстіне қойыңыз. Оны түнгі уақытқа да қалдырғаныңыз абзал.

8. Бұдан өзге бесінші, алтыншы дәрежелі күйіктің болатындығын айтқымыз келеді. Олар тек дәрігерлердің арасында ғана қолданылады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com, өңделген

Қ. Бүйенбай