Минералды су: зиян ба, әлде пайдалы ма?

Минералды су: зиян ба, әлде пайдалы ма?

Салауатты өмір салтын ұстанатындар барлық сусынның ішінде минералды суды артық көреді. Онымен емделеді, шөлдерін басады, күнделікті ауыр диеталарын демейді. Бірақ дәрігерлер бұл сусынды шектен тыс көп ішуге кеңес бермейді.

Біріншіден, минералды қоспаларды нақтылап алу керек. Егер бір литрде 2 граммнан аз минералды қоспа болса, онда ол ас суы болып саналады және оны күнделікті түрде ішуге болады. Егер 2-ден 10 граммға дейін болса, онда су шипалы-ас суы болып есептеледі. Оны да дәрігердің нұсқаулығынсыз іше беруге болады, бірақ тым әуестенбеген жөн. Емделу уақыты 3 аптадан аспауы керек, әйтпесе судың ағзаға әсері біртіндеп азая береді. Емделуді жарты жылдан кейін қайталауға болады, және судың түрін өзгертсеңіз тіпті жақсы.

Шипалы суларда тұз мөлшері көбірек болады: 1 литрде 20 граммға дейін, ал кейде 50 граммға дейін. Оны тек дәрігердің нұсқаулығымен ғана тұтынған жөн.

Сол себепті бірінші кезекте нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Ода ұңғыма нөмірі, минералдық қайнар көздің атауы, химиялық құрамы мен судың шипалық қасиеттері жайлы мәліметтер жазылуы керек. Егер бөтелкеге су қайнар көздің өзінен құйылған болса, онда минералды тұздар мен биологиялық белсенді заттар көбірек сақталады.

Екіншіден, оның 3 негізгі топқа бөлінетінін көбісі біле бермейді: шипалы су, шипалы-ас суы және жай ас суы. Оның қай топқа жататыны көлем бірлігіне қанша минералды тұздың келетіндігімен өлшенеді. Айтпақшы, жылы суды қаншалықты жиі және не үшін пайдалану керектігі осыған байланысты.

Сонымен, егер минералды тұздар 2г/литрден аз болса, онда ас суы ретінде күнделікті ішуге болады. Танымал Боржоми немесе Ессентуки минералды сулары шипалы-ас суына жатады, демек оны дәрігердің нұсқаулығынсыз ішуге болады, бірақ (!) – ара-арасында ғана. Ал шипалы суларда тұз шамадан тыс көп: 20г/л-ге дейін барады, сол себепті оны дәрігердің қадағалауымен, белгіленген мөлшерді арнайы курс бойынша ішеді.

Кімге, қалай және қанша ішу керек? Көбін осы сұрақ мазалайтыны рас. Ол үшін өз ағзаңызды тыңдап, шаралар қолданыңыз, яғни...

Суық минералды су асқазан-ішек жолдарының қозғалыс міндеттерін арттырады, ал жылы су түйілу мен ауырсынуды басады.

Егер тамақ ішерден бір-бір жарым сағат бұрын бір стақан минералды су ішсеңіз асқазан сөлі секрециясы тежеледі. Сол себепті минералды суды тамақ ішерден бұрын немесе тамақ ішу кезінде ішкен жөн.

Және де мұндай суды асықпай, ұрттап-ұрттап ішіңіз, әсіресе егер ас қорыту жүйесі ауыратын болса.

Бұрынырақта байшекештер минералды көздерге жүйке бжүйесін тыныштандыру үшін және сергіп қайту үшін барған. Қазіргі таңда минералды сумен көптеген ауруды емдейді. Және тек ішу арқылы ғана емес, минералды сумен жуынады, көпіршікті ванна қабылдайды және т.б.

Жалпы минералды судың құрамына Менделеев кестесіндегі барлық минералды зат кіретінімен, 6 зат негізгі болып саналады, олар: натрий, кальций, магний, хлор, сульфат пен гидрокарбонат.

Минералды су тұтыну арқылы арықтауға бола ма? Диетологтардың пікірінше, минералды суда, шынымен, көптеген пайдалы заттар, оның ішінде майды кетіруге көмектесетіндері де бар. Мысалы, темір жасушаларға оттегінің баруын қамтамасыз етеді, ал магний қуат алмасуды арттырады. Бірақ мұнымен әуестеніп, минерализациясы 1 г/л-ден асатын су таңдаудың қажеті жоқ, ең қолайлысы – ас қорытуға зиян келтірмейтін аздап минералданған су. Бірақ, басқа жағынан, кез келген газдалған сусын ағзаны сорғытады және қарныңыз аш сияқты болып, жалған сезім тудырады. Сондықтан арықтағыңыз келсе газдалмаған минералды су таңдағаныңыз жөн.

Сонымен қатар, минералды суды ас үйде де пайдаланады. Оны шай не кофе демдеуге, оның негізінде окрошка сынды суық сорпалар дайындауға, құймақ жасағанда қопсытқыш орнына қолданады. Алайда минералды сумен тамақ дайындау бекер: өйткені қайнаған кезде тұздар түбіне түсіп кетеді немесе дұрыс қорытылмайтын байланыстар түзіледі. Сондықтан минералды су ішіңіз, бірақ шектен шықпаңыз.

Сурет: econet.ru, ssdd.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina