Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / "Массагет.кз" порталы байқау жариялайды

"Массагет.кз" порталы байқау жариялайды

Құрметті "Массагет.кз" порталының қолданушылары! Сіздерге портал әкімшілігі мен "Меломан" дүкендер желісі байқау жариялайтынын хабарлаймыз. Байқау жақында ғана Қазақстан кинотеатрларына жол тартып, премьералық аптаның өзінде 34 831 670 тенге (232 211 АҚШ доллары) жинаған әнші Қайрат Нұртастың "Өкініш" фильміне қатысты болмақ. 

Сонымен, "Өкініш" фильміне қатысты қойылатын порталдың арнайы дайындаған 3 сұрағы және 1 жұмбағымен таныс болыңыздар:

1. "Өкініш" фильмінде Қ.Нұртастың сүйіктісінің рөлін сомдаған бойжеткен кім? (Актриса туралы толық мәлімет келтіріңіз)

2. Қ.Нұртас "Өкініш" фильмінде мүгедек баламен қай қалада кездеседі? (Сюжетті толықтырыңыз).

3. Қазақстанның жеті кереметін атаңыз.

4. Мына бір жұмбақты логикалық ойлау тәсіліне салып, кесте құру арқылы шешіп көріңіздер. 

Жұмбақтың алғы шарты мыналар:

1. Түсі ұқсамайтын бес түрлі үй қатар-қатар орналасқан. 2. Әр үйде бір-біріне ұқсамайтын бес елдің азаматы тұрады. 3. Бұл бес адамның ішетін сусыны, шегетін темекісі, бағатын үй жануарлары әртүрлі. 

Сонымен қоса, мына түйіндер белгілі. Сіз осылардың ішіндегі балық бағатын адамның қай елдің азаматы екенін тауып шығыңыз. 1. Германиялық қызыл үйде тұрады. 2. Швециялық ит бағады. 3. Англиялық шай ішуді ұнатады. 4. Жасыл үй ақ үйдің сол жағына орналасқан. 5. Жасыл үйдің иесі кофе ішуді ұнатады. 6. Pall Mall маркалы темекі шегетін адам құс бағады. 7. Сары үйдің иесі Dunhill маркалы темекі шегеді. 8. Ең ортадағы үйдің иесі сүт ішкенді ұнатады. 9. Даниялық 1-үйде тұрады. 10. Marlboro шегетін адам мысық бағатын адамның көршісі. 11. Ат бағатын адам Dunhill шегетін адамның көршісі. 12. Blue Master шегетін адам сыра ішкенді ұнатады. 13. Франциялық Prince маркалы темекі шегеді. 14. Даниялықтың үйі көк түсті үйдің қасында. 15. Marlboro шегетін адамның көршісі тек қана су ішеді. 

Сұрақ: Балық бағатын адам кім?

Осы сұрақтарға бірінші болып дұрыс жауап берген 5 қолданушыға портал әкімшілігі мен "Меломан" дүкендер желісі дайындаған Қайрат Нұртастың "Шыда жүрек" атты альбомын және әншінің постерін сыйға тартамыз. Сонымен бірге, дұрыс, бірақ сәл кешігіп жауап берген тағы 10 қолданушымызға әншінің постері сыйға беріледі. Байқау аяқталысымен, жеңімпаздардың есімдері қосымша хабарланатын болады. Ескерте кетейік, әр қолданушыдан тек бір ғана жауап қабылданады. Сонымен, сіздердің жауаптарыңызды мына электронды мекенжайдан асыға күтеміз: massaget.kz@gmail.com. Іске сәт, достар!  

4677 36
Рейтинг: +7

Қосылған күні: 22 сәуір 2013, 13:00
Пікірлер
+0
22 сәуір 2013, 13:12

таптым кешкісін жіберем

+0
22 сәуір 2013, 13:41

Так, ойланып келейін)

+0
22 сәуір 2013, 13:47

әй, Массагет, қусыңдар)

+1
22 сәуір 2013, 13:56

Сол киноны ешкім көрмегесін әдейі жасап жатыр фильм Өкініш дермо

+0
22 сәуір 2013, 14:06

Міндетті түрде кесте керек пе?

+0
22 сәуір 2013, 15:09

кесте құрмай-ақ шешемін десеңіз де өзіңіз біліңіз. алайда қолға қалам-қағаз алып, ойлану керек. және, шешкен болсаңыз, оны шешу жолын да осында жолдап қоюыңызға болады.

+0
01 мамыр 2013, 00:01

суракка калай жауап беруге болады?

+0
01 мамыр 2013, 11:41

massaget.kz@gmail.com. Осы адреске жазып жибересін

+0
22 сәуір 2013, 15:06

Жұмбақ керемет құрастырыпсыңдар. Миым айналып кетті ғой :lol: :lol: :lol:

+1
22 сәуір 2013, 16:10

әлі көрмеппін киноны

+0
22 сәуір 2013, 16:46

Ойбуууу, ешқайсысының денсаулығы мәз емес екен ғой :mrgreen: :mrgreen:

+0
22 сәуір 2013, 17:50

ал тек жұмбақты шешіп жолдауға бола ма кино жайлы жазбай-ақ?

+0
22 сәуір 2013, 17:55

Жұмбақтың шешімін таптым :lol:

+0
22 сәуір 2013, 18:44

:lol: мен қатыспай-ақ қоя салайын

+0
22 сәуір 2013, 19:10

оо қатысуға тырысам))

+0
22 сәуір 2013, 23:38

Жақсы шара! Ал, іске сәт! (Мына жұмбақ бірнеше адам болып жиылып отырғанда таптырмас құрал екен! Қызу талқы, пікірталас дегендей! Біз де жақындап қалған сияқтымыз жауапқа )))

+0
22 сәуір 2013, 23:44

жауап жбердім)

+0
23 сәуір 2013, 00:10

осы жерден доғарайыншы

+0
23 сәуір 2013, 21:39

Меніңше бұл жұмбақтың жауабы. Ешқандай мемлекеттің азаматы емес :)

+0
23 сәуір 2013, 22:50

Әзірге 3 адам дұрыс жауап берді.

+0
23 сәуір 2013, 23:39

Нешесіне дейін жауап беруіміз керек?

+0
24 сәуір 2013, 15:52

Мен бармын ба арасында? :D

+0
23 сәуір 2013, 23:56

Бесіктен белі шықпай жатып кайдағы өкініш

+0
24 сәуір 2013, 01:11

байқаудың мерзімі жайлы айтылмапты, сонда қашанға дейін жалғасады екен?

+0
24 сәуір 2013, 15:52

Қашан 15 адам дұрыс жауап береді, сол кезде аяқталады байқау

+0
24 сәуір 2013, 16:21

менің жауабым дұрыс болды ма :) :?: :?: :?:

+0
24 сәуір 2013, 16:22

оны әзірге айта алмаймыз

+0
24 сәуір 2013, 16:41

жеке өзіме айтсаңыз болмай ма ;)

+0
24 сәуір 2013, 16:44

болмайды))

+0
24 сәуір 2013, 17:47

барлығы қанша адам жауап берді және қаншасынікі дұрыс боп шықты

+0
24 сәуір 2013, 22:37

:D ана жұмбаққа басым айналдыма, миым айналдыма, бірдеңе боп кеттіғо. кімнің шығарған жұмбағы анау? :)

+0
25 сәуір 2013, 21:36

Жалпы неше адам жауап берді? және де неше адам дұрыс жауап берді? Менікі дұрыс па?

+0
26 сәуір 2013, 00:50

Тым болмаса қанша адам дұрыс жауап бергенін айтпай ма? Жауабын қашанға дейін күтетінімізді білейік

+0
01 мамыр 2013, 15:15

Альберт Эйнштейннің шығарған жұмбағы ғой......

+0
27 сәуір 2013, 00:47

Болат мырза, жауаптың дұрыс-бұрыстығын қашан алуға болады?

+0
28 сәуір 2013, 15:33

Мұның да қызығы кеті

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...