Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2012 / 2012 жылға шығыс күнтізбесі бойынша жорамал

2012 жылға шығыс күнтізбесі бойынша жорамал

2012 жылға шығыс күнтізбесі бойынша жорамал

Ұлу жылы отбасын құруға, дүниеге бала әкелуге, жаңа кәсіпорындар ашуға немесе оның жұмысын жалғастыруға өте сәтті жыл ретінде сипатталады. Бұл үлкен шабыт, жақсыға сенім мен сенімділік уақыты. Ұлу жылы күтпеген оқиғалар болып, БАҚ жақсы жаңалықтарға кенеледі. 
Ұлу батылсыздыққа шыдамайды. Бұл жылы әр нәрседен қорқақтамай, алға батыл қадам басу қажет. Бұл жылы ақша табу жеңілденеді, бірақ дәл солай тез шашылады. Жаңа бастамалар сәтті болмақ. Егер Сіздің ойыңызда жүрген жоспар-жобаларыңыз болса, ойланбастан, білек сыбана кірісіңіз. Көп еңбектенген іс жемісін береді. Дегенмен, өз мүмкінішілігіңізді өткізіп алмай, ширақ қимылдаңыз.
Дегенмен, Ұлу жылының өз кемшіліктері де бар. Оңай келген жақсылықтарды қолда ұстау қиынға соғуы мүмкін. Егер Сіздің жұлдызыңыз жанып, жұмысыңыз жүре бастаса, ол әрдайым солай болады деп үміттенбеңіз. Өмірге пәлсафалық көзқарас қалыптастырып, қазіргі уақытпен рахаттана біліңіз. 
Ұлу — өзінің шексіз мейірімімен ерекше есте қалған ертегі кейіпкері. Қазақы байлам бойынша, ұлу жылы бірлік пен ынтымақтың, молшылық пен берекенің жылы болып саналады. Айдаһар жылында астық, жем-шөп бітік шығып, молшылыққа болады деген болжам бар.
Қытай күнтізбесі бойынша, келер жылға арналған астроболжамды назарларыңызға ұсынамыз. Жақсылықтарды ғана күтіңіз, қазақы байламнан бөлек, астролог мамандар да ұлу жылының жақсылыққа толы жыл болатынын жазып отыр.

 

Тышқан
Келер жыл Сізді таусылмас романтика мен махаббат ләззатына бөлегелі тұр.  Жылдың екінші жартысында сезімге тым беріліп, ойланбай қадам жасаудан сақ болыңыз.

Сиыр
Алып-қашпа әңгімелер мен пайдасы жоқ іс-әректтерден аулақ болғаныңыз абзал. Жылдың бел ортасынан асқанда, махаббат пен жан демалысының рахаты сезіліп, өмірге оптимистік көзқарас қалыптасады.

Барыс
Отбасы, ошақ қасы мен отбасылық дәстүрлер Сізге күш-қуат сыйлайды. Жақсылықтардың бәрі жақын жандарыңыздың тарапынан көрсетілмек. Ақша жұмсауда абай болған дұрыс.

Қоян
Алған бетіңізден қайтпайтын қатал мінезіңіз қызметтестер арасында келіспеушіліктердің туындауына себеп болады. Бірақ, тапқырлығыңыз бен іскерлігіңіздің арқасында қаржы жағдайын бірқалыпты ете аласыз.

Ұлу
Ұлу өз жылына көптеген тосын сыйларды уәде етеді. Зор мүмкіндіктер мен сәтті қадамдардың қатары көбейеді. Шешімді дұрыс қабылдауыңыздың арқасында бәсекелестердің алды боласыз.

Жылан
Оңай жолмен келген табыс көзі ауыр жағдайларға душар етуі мүмкін. Қолдауды өзгелерден гөрі, өзіңізден күтіп, жеке идеяларыңыздың жүзеге асуына әрекет етіңіз.

Жылқы
Алыс-жақын жерлерге саяхаттарыңыз көп болса, жаңа достар табуға мүмкіншілік туады. Шығармашылықпен айналысатын жандар үшін келер жыл табысты болмақ. Ата-ананыңызбен қарым-қатынаста жұмсақтық танытқаныңыз абзал.

Қой
Сіз ойламаған сәтті жоспарлар құрылады. Және ол жоспарлардың жүзеге асуы  мәртебеңізді өсіреді. Көбірек саяхатқа шығып, қарым-қатынас шеңберін кеңейтіңіз.

Мешін
Алға жаңа мақсаттар қоя отырып, жаңа істерді бастау үшін қолайлы уақыт. Тынбай еңбектенуіңіздің нәтижесінде мол қаржыға кенелесіз.

Тауық
Отбасылық және жұптық мәселелерге бей-жай қарамағаныңыз жөн. Әрбір ұсақ-түйектің соңы даулы мәселелерді тудыратыны есіңізде болсын.

Ит
Сезімталдығыңыз Сіздің ең үлкен құтқарушыңыз болмақ. Себебі, ішкі сезіміңіз Сізді ешқашан алдамайды. Табыс көзін діттеген көлемді істерді қолға алған болсаңыз, қорқудың қажеті жоқ. Сәттіліктер Сіздің жағыңызда.

Доңыз
Көп қаржыны қажет ететін істерде абай болғаныңыз абзал. Уақытша ләззат үшін бос шығындар үлкен өкініш тудыруы мүмкін. Жылдың соңына қарай, басы бос жандардың махаббатта жолы болады.

 

Суреттер bitvasilijyagovsk.land.ru, diary.ru сайттарынан алынған

2929 5
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 18 қаңтар 2012, 15:04
Пікірлер
+0
18 қаңтар 2012, 16:21

Сезімталдығыңыз Сіздің ең үлкен құтқарушыңыз болмақ. Себебі, ішкі сезіміңіз Сізді ешқашан алдамайды. Табыс көзін діттеген көлемді істерді қолға алған болсаңыз, қорқудың қажеті жоқ. Сәттіліктер Сіздің жағыңызда. (менде бұдан басқаша болуы мүмкін емес)

+0
18 қаңтар 2012, 17:16

Сәттіліктер Сіздің жағыңызда! Дәл бүгін осы сөзді естігім келген.

+0
18 қаңтар 2012, 19:17

жоспарларым орындалады екен, саяхат көп шығады екенмін! Одан артық не керек?!?!?! ура!

+0
02 ақпан 2012, 15:41

Алға жаңа мақсаттар қоя отырып, жаңа істерді бастау үшін қолайлы уақыт. Тынбай еңбектенуіңіздің нәтижесінде мол қаржыға кенелесіз. Маған да керегі осы))))

+0
05 ақпан 2012, 18:53

Алға жаңа мақсаттар қоя отырып, жаңа істерді бастау үшін қолайлы уақыт. Тынбай еңбектенуіңіздің нәтижесінде мол қаржыға кенелесіз. Менде бәрі осылайша орнымен болса деймін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...