Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2012 / 2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Балықтар (20 ақпан — 20 наурыз)

2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Балықтар (20 ақпан — 20 наурыз)

2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Балықтар (20 ақпан — 20 наурыз)

Қыс

Қыс айларында өз-өзіңізге психолог болуыңыз керек. Айналаңыздағы кей адамдардың қылықтарына ренжімеңіз, сәтсіздікке ұшырасаңыз, налымаңыз, бастаған істі аяқтай алмағандығыңызға қапаланбаңыз, ой-пікіріңізді әлдекімдерге жеткізе алмағаныңызға күйзелмеңіз. Дұрысы – барлық жағдайды сабырмен ой талқысына салып, өмірлік сабақ болатын қорытындылар шығарыңыз.

Көктем

Наурыз айында сізге бір ғана шаруамен айналысуға кеңес беріледі. Бастаған істі соңына дейін жеткізгенде ғана келесісін қолға алуға болады. Екеуін бірдей атқаруға сіздің күш-қуатыңыз жетіспейді. Өйткені көктемнің басында өзіңіздің шаршағаныңызды сезінесіз. Алғашқысынан кейін сәл тыныстап алыңыз. Сонда алдағы күндерде сергек жүретін боласыз. Сәуір айының жағымсыз тұсы – дене салмағыңыздың бірқалыпты болмауында. Денсаулығыңызға назар аударыңыз.

Жаз

Маусым айында сіз көбіне оңашалыққа ұмтылатын боласыз. Тіпті сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынаста сәл үзілісті қалауыңыз мүмкін. Рас, сізге өткен айлардағы қызу шаруалардан кейін аздаған демалыс керек. Ендеше, жан дүниеңізге тыныштық сыйлауға тырысыңыз. Шілде айында өз күшіңізге, қабілетіңізге сеніміңіз арта түседі. Сондықтан мақсатыңызға жетуге ұмтылыңыз. Тамыз айында қызу жұмыс қайта басталады.

Әйелдерге

Балық белгісімен туылған нәзік жанды балықтар айналасындағы жандарды қуанышқа бөлеп жүреді. Олардың шаңырағынан қонақ, жүзінен күлкі кетпей, жақындарына қуаныш сыйлап жүреді.

Жыл басында өзіңізді түсіну ұиын болады. Ішкі жан дүниеңіз әлдебір нәрсені қалайды, бірақ оны таппаған жаныңыз үнемі алаңдаулы болады. Дегенмен, сіздің бойыңызда тұнып тұрған тұйық мінез бен мейіріміңіздің арқасында оны айналаңыздағы жандарға көрсетпейсіз. Сіздің ұтатыныңыз да осыдан. Ақпан айында бәрі орнына келеді. Көп сырды іште сақтағаннан гөрі, жақын жандарыңызбен бөлісіп отырғаныңыз жақсы. Көктем мен жаз мезгілдерінде махаббат сезіміне мастанып, рахат күйде жүресіз. Күз мезгілінде демалыс пен сапарлар күтіп тұр.

20 ақпан мен 28 ақпан аралығында туылғандар үшін

Қаңтар айының аяғында туысқандарыңыздың денсаулығы үшін қатты алаңдайтын боласыз. Бұл мәселе шешімін тек көктем айларында ғана табуы мүмкін. Жаз айларында отбасылы жандар ұмытылмас күндерді бастан кешуі мүмкін. Бұл саяхатқа немесе мерекелік шараға байланысты болуы мүмкін.

1 наурыз бен 10 наурыз аралығында туылғандар үшін

Ақпан айынан бастап қызметтегі жауапкершілігіңізді арттырғаныңыз жөн болар. Себебі, сізге жүктелген міндеттер үлкен сенімнен пайда болған. Қызметтестеріңіздің алып-қашпа әңгімелеріне құлақ аспаңыз. Отбасыңыздағы жағдай тұрақты.

11 наурыз бен 20 наурыз аралығында туылғандар үшін

Жақын жандарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға сіздің ықпалыңыз ерекше. Бұл аралықта туылған балықтар үшін көктем мезгілі қуаныштарын әзірлеп тұр. Махаббатта да жолыңыз болып, өмірге деген құштарлығыңыз арта түспек.

Ер адамдарға

Отбасылы Балықтар жұмысбастылықпен сүйіктілерін назардан тыс қалдыруы мүмкін. Мұның соңы қарым-қатынаста келіспеушіліктер тудыруы мүмкін.

Жыл өміріңіздегі атаулы жылдардың бірі болмақ. Оған өзіңіздің қажырлы еңбегіңізбен, жаңа адамдармен қарым-қатынасыңыз себеп болуы мүмкін. Тамыз айында әлдекім сіздің ар-намысыңызға нұқсан келтіруге тырысып бағады. Кейбірін алдын ала сезіп, қорғануға дайын боласыз. Енді бірі сізді қатты күйзеліске түсіреді. Мұндайда сізге достарыңыз шын жанашыр болады. Қапаланбаңыз! Уақыт өте ол адам өзінің қателескенін түсініп, көпшілік алдында сізден кешірім сұрайтын болады. Жалып, тамыз айы соншалықты сәтті бола қоймайды. Жұмыста да қосымша тапсырмалар пайда болатын сыңайлы.

20 ақпан мен 28 ақпан аралығында туылғандар үшін

Қаңтар айында жоспарламаған шығындар қалтаңызды қағуы мүмкін. Есесіне, наурыз айында қызметтегі табыс көлемі ұлғайып, қаражатыңыз көбейеді. Жаз айларында денсаулығыңызды жақсарту жұмыстарын жасаңыз.

1 наурыз бен 10 наурыз аралығында туылғандар үшін

Тек өзіңізге сенімді болыңыз. Сенімділігіңіз болса ғана, сіз аспайтын асу болмайды. Жылдың барлық мезгілінде де, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Махаббатта да жолыңыз болады. Отбасылы балықтар, отбасы олардың өміріндегі ең маңызды әлем екенін түсінеді.

11 наурыз бен 20 наурыз аралығында туылғандар үшін

Қаңтар-ақпан айларында тек қызмет мәселесімен бас ауыртатын боласыз. Наурыз айынан бастап отбасыңызда кикілжіңдердің тууы ғажап емес. Сіздің шешіміңізден көп жағдайлар өзгеруі мүмкін. Жалғызбасты балықтар осы мезгілде махаббаттарын жолықтырулары мүмкін. Жылдың қалған айлары бірқалыпты өтпек.

Жалпы болжам: басқа бәле – тілден

2012 жыл сіз үшін оқиғаларға, таныстықтарға, бәсекеге, табысқа толы жыл болады. Сіздің қай іске де белсенділікпен кірісетініңіз соншалық, айналаңыздағы кейбір жандар сізге қызғанышпен қарайтын болады. Міндеттеріңізді тиянақты орындауға ғана көңіл бөліп қоймаңыз. Аузыңыздан шығатын әр сөзіңізге де мұқият болыңыз.

Махаббат

Өз бақытыңыз өз қолыңызда

Айдаһар жылында жалғызбасты балықтарды романтикалық кездесулер мен танысулар күтіп тұр. Таныстарыңыздың қатары көбейе түспек. Өмірлік серігіңізді табуға деген тілегіңіз арта түседі. Ал отбасылы балықтарға бала мәселесіне немесе тұрмыстық мәселелердің қиындауына орай, ұрыс-керісті басу үшін бірнеше күнге оңаша демалып келуге кеңес беріледі. Оңаша қалған сәттерде отбасыңыздың қаншалықты маңызды екенін ұғасыз. Махаббат өмірді қызықтыра түсетінін естен шығармай, сезіміңізді білдіріп жүріңіз.

Отбасы

Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды

Отбасы мәселесіне қатысты туындаған қиыншылықтардыақылға жеңдіре біліңіз. Шыдамдылығыңыз үшін сізді тамаша тартулар күтіп тұр. Әсіресе көктем айлары сіз үшін тосын сыйларға толы болмақ. Күтпеген адамдар сізді көңіл көтеру кештеріне шақырып, құрмет көрсететін болады. Бұл сіздің көңіл күйіңізге жағымды әсер етеді. Осылайша келеңсіздіктердің бәрін ұмытып, жақсы күндерге үмітіңіз қайта оянатын болады. Бала тәрбиесіне назар аударғаныңыз дұрыс.

Достық

Кешірімді болыңыз

Жыл басында сіз өзіңізді сұрақ астына аласыз. Сұрақтар достарыңызбен арадағы қарым-қатынасқа байланысты. Дегенмен, сізді ренжіткен құрбыларыңызға кешірімді болыңыз. Аузыңыздан шығатын әрбір сөзіңізге абай болыңыз. Әйтпесе ашумен айтқан кей сөздеріңізді достарыңыз өзіңізге қарсы дәлел ретінде пайдалануға, кек алуға тырысуы мүмкін. Қысқасы, егер осы жылы өміріңізде қиыншылықтар орын алатын болса, оған көбіне өзіңіз кінәлі болмақсыз. Мәселен, жасаған қателігіңізді алдағы уақытта тағы да қайталауыңыз мүмкін. Демек, сізге қателіктеріңізден сабақ ала білу жетіспейді.

Денсаулық

Күшіңіз — деніңіздің саулығында

Бұл жылы сіздің денсаулығыңызға қызығып қарауға болады. Себебі, оған бас қатырмайсыз. Дегенмен, наурыз-сәуір айларында бойыңызды көктемгі әлсіздік билеп, беймаза күйде жүруіңіз мүмкін. Бұл айларда көлік жүргізуге қатаң тыйым салынады. Жаз айларын демалысқа арнаңыз. Күн астында серуендеп, дене шынықтырумен айналысқаныңыз абзал. Күзде ішімдік немесе көп дозалы дәріден улануыңыз мүмкін. Сондықтан, сақ болыңыз. Жалпы алғанда, жыл бойы өзіңізді сергек сезініп, белсенділігіңізді арттыра бермексіз.

Қызмет пен қаражат

Еңбегіңіз өнімді

Рас, еңбегіңіз көп жағдайда өнімді болады. Дегенмен қызметте де, жеке өмірде де жетекші рөл атқаруға ұмтылмағаныңыз жөн. Жағдайды қанша тездеткіңіз келгенімен, өзіңізді тежей білгеніңіз дұрыс. Алыс іссапаларлар нәтижелі аяқталады. Жыл қаржылық аймақта тәуекел етуді қолдамайды. Өзіңізге қатты қажет затты ғана сатып алыңыз. Сондай-ақ әріптестеріңіз қызмет бабында сізді өз мақсаттарына пайдалануға тырысуы мүмкін. Бастапқыда олардың айтқанына қалай тез келісіп қойғаныңызды білмей қаласыз. Уақыт өте шын пиғылдарын сезесіз. Ендеше, келесіде жұмысыңыздың көп екендігін айтып, өтініштерінен бас тартыңыз. Қызметіңізде көтерілу де осы жылға тұспа-тұс келіп тұр. Ісіңізге сәттілік!

1581 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 01 желтоқсан 2011, 09:00
Пікірлер
+0
24 қаңтар 2012, 11:32

"Адам болып өмірде жаралғанша,балық болып тумаппын амал қанша?"©

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...